• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

АБАЙ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

19.09.2025
in Без рубрики
АБАЙ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданында абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, қолайлы орта қалыптастыру — жергілікті әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай өзгерістер мен оң нәтижелер байқалуда.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында биылдың өзінде 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржы халықтың ұсынысы мен қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды. Соның нәтижесінде 16 заманауи ойын алаңшасы мен 3 спорт алаңшасы салынды, сондай-ақ 5 гүлзар бой көтеріп, тұрғындар демалатын жаңа орындарға айналды. Бұдан бөлек, аудан көшелеріне 34 мың шаршы метр жаңа аяқжол төселіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысына жағдай жасалды.

Көгалдандыру ісі де басты назардан тыс қалған жоқ. Қала экологиясын жақсарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында биылғы жылы 5 жаңа гүлзардың құрылысы қолға алынды. Олардың кейбірі бүгінде пайдалануға беріліп, тұрғындардың сүйікті демалыс аймағына айналып отыр. Сонымен қатар, «Асар» шағын ауданында тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңғыртылуда. Бұл нысандар толық аяқталғанда ауданның көркі одан әрі көркейіп, экологиялық жағдай айтарлықтай жақсара түспек.

Абаттандыру шараларымен қатар, аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында жүйелі сенбіліктер өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 37 рет ұйымдастырылған сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысқан. Мұндай ауқымды қоғамдық жұмыстарға тұрғындардың белсенді түрде араласуы — экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын айғақтайды.

Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнауы да аудан әкімдігі назарындағы маңызды мәселе. Осы мақсатта 63 ескі ойын алаңшасының 45-і жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталды. Қалғандары кезең-кезеңімен жөндеуден өтуде. Бұл шаралар аудан балаларының бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді.

Жалпы, Абай ауданында абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жыл сайын қарқын алып келеді. Халықтың игілігіне бағытталған мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан басшылығы тұрғындармен кері байланыс орнатып, ұсыныстарды ескере отырып, жасыл желекке бай, экологиялық таза әрі тартымды орта қалыптастыруды көздеп отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік мемлекет: жаңа конституциялық өзгерістердің маңызы

Әлеуметтік мемлекет: жаңа конституциялық өзгерістердің маңызы

17.02.2026

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған