• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 5 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

АБАЙ АУДАНЫНДА БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

20.09.2025
in Без рубрики
АБАЙ АУДАНЫНДА БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында Бүкіләлемдік тазалық күніне орай кең көлемде ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті. Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және қала тазалығын сақтау мақсатында өткізілген іс-шараға мыңдаған тұрғын мен түрлі мекеме өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

05.10.2025
ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

02.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады

22.09.2025

Абай ауданы аумағында өткен сенбілік барысында ауданның тазалық жұмыстарына айрықша көңіл бөлінді. Шараға Абай ауданы әкімінің аппараты мен «Абай» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ KazStroiCapital жауапкершілігі шектеулі серәктестігінің мамандары белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау, Мәдениет, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармалары мен Транспорт және ауыл шаруашылық басқармалары мен қалалық  жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері де бірлесе еңбек етті.

Сенбілік аясында аудан аумағындағы көшелер мен аулалар, жаяу жүргіншілер жолдары, арық-атыздар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ жасыл аймақтарды күтіп-баптау, ағаш бұтақтарын қырқу, гүлзарлар мен көгалдарды ретке келтіру, тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар бір күн бойы қаланың көркін арттыруға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті насихаттаудың жарқын үлгісін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар – қала тұрғындарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастырудың маңызды тетігі. Абай ауданы әкімі аппаратының өкілдері сенбіліктің басты мақсаты – қоғамда экологиялық сана мен ұжымдық жауапкершілік сезімін күшейту екенін атап өтті.

— Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтің емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты қорғау мен қала аумағын таза ұстау – әрбір азаматтың борышы. Осындай сенбіліктер арқылы тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптасады, — деді аудан әкімдігі өкілі.

Қатысушылардың бірі сенбіліктің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, мұндай игі бастамалар жастарға үлкен тәрбие беретінін атап өтті. “Біз, жастар, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін өзімізден бастауымыз керек. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір тазаланған аумақ — болашақ ұрпаққа қалдырған аманат,” — деді студенттер тобының жетекшісі.

Күннің екінші жартысында сенбілікке қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды толықтай ретке келтіріп, қалдықтарды арнайы техника арқылы шығарып отырды. Нәтижесінде Қайнарбұлақ, Игілік, Жаңаталап және басқа да тұрғын алаптар тазарып, көріктене түсті.

Абай ауданы аумағында мұндай сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл тек тазалықты сақтау шарасы ғана емес, тұрғындар арасындағы бірлік пен ортақ мақсатқа жұмылудың көрінісі.

Табиғатқа жанашырлық — ортақ жауапкершілік. Әр азамат өз ауласынан, өз көшесінен тазалықты бастаса, туған қаламыз да, еліміз де көркейе түседі. Тазалық — тәртіптің, мәдениеттің және өркениетті қоғамның айнасы. Жасалған әрбір игі іс — болашаққа қалдырған аманат.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

05.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ БЮДЖЕТТІҢ ӨЗ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БЮДЖЕТТІҢ ӨЗ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.10.2025
В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ МЕРЫ ПО УВЕЛИЧЕНИЮ СОБСТВЕННЫХ ДОХОДОВ БЮДЖЕТА

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ МЕРЫ ПО УВЕЛИЧЕНИЮ СОБСТВЕННЫХ ДОХОДОВ БЮДЖЕТА

04.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған