• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 9 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
in Басты ақпарат
Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Бүгін, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында, қоғамдық тамақтану саласы өкілдеріне тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде семинар өтті.

Оқи отырыңыз...

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026
САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

06.02.2026

Іс-шараның басты мақсаты – өңірде тағамнан уланудың, әсіресе ботулизмнің алдын алу және қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру.

Семинарға қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен қызметкерлері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары және палата өкілдері қатысты.

Арнайы мамандар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидалары бойынша түсініктеме беріп, негізгі талаптарға тоқталды.

Семинар барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылды:

• нысан салынатын жер телімін дұрыс таңдау (зираттарға, мал қорымдарына немесе радиациялық қауіпті аумақтарға жақын орналасуына жол берілмейді);

• ғимараттардың сумен, жылумен жабдықталуы, желдету және ауа баптау жүйелері талаптарға сай болуы;

• тағам өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу тәртібі (ботулизмді тудыратын Clostridium botulinum бактериясы көбіне дұрыс сақталмаған немесе консервіленген тағамдардан таралады);

• тағам қалдықтарын жинау мен жою тәртібі;

• санитариялық тораптар мен қол жууға арналған жабдықтардың болуы.

Кәсіпкерлерге сапасыз және қауіпті өнімдердің сауда айналымына түсуіне жол берілмейтіні ескертілді. Саудаға шығаруға болмайтын өнімдер қатарына: жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер; таңбалауында сақтау шарттары мен шығу тегі көрсетілмеген өнімдер; тағаммен жанасуға арналмаған қаптамадағы өнімдер және сапасыздық белгілері бар өнімдер жатады.

Сондай-ақ нысан аумағының тазалығы мен абаттандырылуы да басты талаптардың бірі екені айтылды. Санитариялық қағидаларға сәйкес, стационарлық нысандарда жаңбыр суларын ағызу жүйесі толық жұмыс істеуі, объект аумағы әрдайым таза болуы, қоқыс урналары орнатылып, уақытылы тазартылып отыруы тиіс. Бұл талаптардың барлығы инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған.

Семинар соңында кәсіпкерлер мамандарға сұрақ қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасының өкілдері мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатынын хабарлайды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

06.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған