• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 26 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025
in Басты ақпарат
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы кооперативтері мен шаруашылық қауымдастықтарының ұлттық қауымдастығы (АКҚҚБ), Бүкілқытай жеткізу және маркетинг кооперативтері федерациясы (ACFSMC), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және Narxoz Business School (білім беру серіктесі) стратегиялық іс-шара аясында бірлескен кездесу өтті. Жиын Қытай халықаралық импорттық көрмесіне (CIIE-2025, Шанхай) қатысуға дайындық пен серіктестікті тереңдету мәселелеріне арналды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025
Шымкентте дәстүрлі Бірыңғай есеп беру күні өтті

Шымкентте дәстүрлі Бірыңғай есеп беру күні өтті

26.09.2025

Айта кетейік, ACFSMC – Қытайдағы ең ірі кооперативтік жүйе. Ол 340 мыңнан астам сату және қызмет көрсету нүктелерін біріктіріп, 2023 жылы 7,3 трлн юань жылдық айналымға қол жеткізген. Бұл жүйе Қытай мен аймақ елдерінің бұқаралық нарығына тауар жеткізудің басты арнасы саналады.

Ынтымақтастық аясында бірнеше стратегиялық бағыт айқындалды:

• Қытайдағы ірі сауда желілеріне шығу. Қазақстандық және Орталық Азия өндірушілерінің өнімдері ACFSMC дүкендері мен орталықтарының сөрелерінде сатылымға шығарылады.

• Кооперативтік банктер арқылы қаржыландыру. Әлем бойынша 85 мыңнан астам кооперативтік банктер мен несиелік одақтар 13–14 трлн доллар активті басқарады. Бұл қаржыландырудың бірегей үлгісі – төмен пайыздық мөлшерлемелер және қолма-қол ақшамен немесе өніммен өтеу мүмкіндігі бар.

• Экспортқа дейінгі қызмет көрсету орталықтары. Қытай мен Азия-Тынық мұхиты елдеріне экспортталатын тауарларды сұрыптау, орау, сертификаттау және ілгерілету үшін бірлескен алаңдар құрылмақ.

• Бірлескен сертификаттау және зертханалар. Бұл жүйе Орталық Азия тауарларын тануды жеделдетіп, халықаралық нарықтарға шығуды жеңілдетеді.

• Баға тұрақтылығы мен инфляцияға қарсы іс-қимыл. Бірлескен сатып алулар арқылы тиімді ұсыныстарға қол жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін отандық SINARSIM платформасымен серіктестік орнатылды.

 

Күн тәртібінде

1. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің CIIE-2025 көрмесіне қатысуға дайындық.

2. 2025 жылғы 7 қарашаға қазақстандық спикерлер мен конференция қатысушыларын анықтау.

3. «Қытай кооперативіндегі Орталық Азия шельфі» жобасын әзірлеу.

4. Қазақстандық және аймақтық компаниялардың Қытай нарығына шығуына арналған акселерация бағдарламасы.

5. Қазақстандағы АКҚҚБ мүшелерінің өнімдерін ілгерілету және сату тетіктері айтылды.

 

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен кәсіпкерлермен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстаннан бизнес өкілдері де қатысты. Түркістан облысынан оннан астам кәсіпкер, сондай-ақ Палата директоры Асылан Ибадуллаев пен директордың орынбасары Бақытжан Құралбаев арнайы қатысып, өңірлік бизнеске ашылып отырған жаңа мүмкіндіктерді талқылады.

 

«ACFSMC-пен орнатылып жатқан әріптестік біздің өңір кәсіпкерлеріне әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына шығуға жол ашады. Бұл – тек экспорт көлемін ұлғайту ғана емес, ауыл шаруашылығын, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге нақты мүмкіндік. Түркістан кәсіпкерлерінің өнімдері Қытай сөрелеріне шығуы – өңір экономикасының сапалы өсуінің кепілі», — деді Асылан Ибадуллаев.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған