• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 28 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

МЕГАПОЛИСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА 333 ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

18.09.2025
in Қоғам
МЕГАПОЛИСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА 333 ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

Оқи отырыңыз...

Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

15.03.2026
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

15.03.2026
Шымкентте кәсіподақ мүшелеріне ауызашар берілді

Шымкентте кәсіподақ мүшелеріне ауызашар берілді

13.03.2026
Шымкент қаласында әлеуметтік санаттағы тұрғындарды қолдау мақсатында 333 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (1,57 млн теңгеге дейін) қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
2025 жылдың екі лек бойынша өткізілген конкурсқа барлығы 1756 өтініш түсті. Оның ішінде 336 үміткердің жобасы мақұлданып, 333-іне қаржы аударылды. Екі адамның есепшоттары бұғатталуына байланысты гранттан бас тартылды.
Бірінші лекте 134 адам (65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз), екінші лекте 199 адам (101 жеке кәсіпкер, 98 жұмыссыз) қолдау тапты. Комиссия отырыстары 25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтті.
Грант иегерлерінің қатарында көп балалы отбасылар – 192, мүгедектігі бар азаматтар – 51, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар – 59, асыраушысынан айырылғандар – 22, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 9 адам бар.
Жобалар негізінен қызмет көрсету (151), өндіріс (53), кондитерлік және нан өнімдері (37), тігін (35), жартылай дайын өнімдер (24), мал және құс шаруашылығы (12), жиһаз өндірісі (4), сондай-ақ фаст-фуд, ыстық тағам, кофе сияқты басқа бағыттар (17) бойынша іске асырылуда.
Мемлекеттік гранттар азаматтардың жеке кәсіп ашуына, табысын арттыруына және жаңа жұмыс орындарын құруына жол ашпақ. Қаржы қайтарымсыз болғанымен, оның мақсатты жұмсалуын Еңбек мобильділігі орталығы жанынан құрылған мониторинг тобы қадағалайды. Мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаражат мемлекетке қайтарылуы тиіс.
Сонымен қатар, грант иелері кәсіптік оқыту және бизнес-кеңес беру секілді қосымша қолдауларға ие болады. Бұл азаматтарға өз жобаларын тиімді басқаруға және нарық талаптарына сай дамуына көмектеседі. Қалалық әкімдік пен облыстық кәсіпкерлік басқармасы осындай бағдарламаларды жүйелі түрде дамытып, әлеуметтік осал топтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды арттыруда.
Алдағы уақытта грант беру көлемі ұлғайтылып, қатысушылар саны көбейтіледі деп жоспарлануда. Бұл шаралар арқылы Шымкент қаласы әлеуметтік теңдік пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/Q7LbjhcfW4w?si=zs4FCuOrb6r8y4H0
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН АРЕНА» УЕФА ТУРНИРЛЕРІ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ РЕСМИ МАТЧЫН ҚАБЫЛДАП, СТАДИОН ЖАНКҮЙЕРГЕ ТОЛДЫ

«ТҮРКІСТАН АРЕНА» УЕФА ТУРНИРЛЕРІ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ РЕСМИ МАТЧЫН ҚАБЫЛДАП, СТАДИОН ЖАНКҮЙЕРГЕ ТОЛДЫ

28.03.2026

Президент Қасым Жомарт ТОҚАЕВ ел туралы

27.03.2026
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

27.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған