• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 3 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Президент Жолдауынан кейінгі ой: Шымкенттік педагог жасанды интеллекттің білім саласына қосар үлесіне сенімді

09.09.2025
in Қоғам
Президент Жолдауынан кейінгі ой: Шымкенттік педагог жасанды интеллекттің білім саласына қосар үлесіне сенімді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжатта білім, ғылым, технология, экономика сынды басым бағыттар кеңінен қамтылды. Жолдауды тыңдауға еліміздің әр өңірінен түрлі сала мамандары арнайы шақырылды. Солардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығының иесі Марат Таңсықбаев.
Алғаш рет Президент Жолдауына қатысқан ұстаз өз әсерімен бөлісіп, бұл басқосу оның кәсіби болашағына тың серпін бергенін айтты.
— Мен үшін ең әсерлісі — білім саласына және жаңа технологияларға, оның ішінде жасанды интеллектке берілген ерекше назар болды. Президент бұл саланың ел экономикасы үшін маңызды қозғаушы күш екенін атап өтіп, жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, мұғалімдердің де осы бағытта біліктілігін арттыруы керек екенін жеткізді. Бұл сөздер мені жігерлендірді, өйткені жасанды интеллект тек техникалық сала мамандарына ғана емес, біз – педагогтар үшін де тиімді құрал бола алады, – деді Марат Таңсықбаев.
Оның пікірінше, Жолдауда көтерілген мәселелер әсіресе білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Жасанды интеллект көмегімен оқу бағдарламаларын жаңғырту, оқушылар мен студенттердің қабілетін ашу жолдарын жетілдіру – қазіргі заман талабына сай бастамалар.
Педагогтың айтуынша, жасанды интеллект арқылы оқу процесін жекелеп жүргізу, әр оқушының жеке қабілетін ескере отырып білім беру – мұғалімдер үшін тиімді құрал әрі үлкен көмекші.
— Президенттің бүгінгі Жолдауы барша ұстаздар үшін үлкен мотивация болды деп есептеймін. Ел болашағы – білімді жастар мен білікті мамандардың қолында екенін тағы бір мәрте түсіндім. Мен де өз тарапымнан жасанды интеллектті қолдана отырып, оқыту әдістерімді жаңартуға бар күшімді саламын, – деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауда білім және ғылым саласына ерекше басымдық беріп, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу арқылы заманауи әрі сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы нақты тапсырмалар алдағы уақытта іске асырылуы тиіс.

Оқи отырыңыз...

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30.01.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

02.02.2026
Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

В акимате Шымкента обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан

02.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған