• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 3 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкентсити шағынауданында сенбілік ұйымдастырылды

23.08.2025
in Қоғам
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкентсити шағынауданында сенбілік ұйымдастырылды

2025 жылдың 6 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Шымкентсити шағынауданында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Игі бастама Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.
Сенбілік барысында шағынаудан аумағында жинақталған тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен тазартылып, стихиялық қоқыс орындары жойылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен жаяу жүргінші жолдары бойындағы арамшөптер орып алынып, санитарлық жағдай едәуір жақсартылды.
Іс-шараға коммуналдық мекемелермен қатар аудан тұрғындары, еріктілер, ПИК өкілдері мен белсенді жастар да атсалысты. Жиналғандардың ортақ күшімен жалпы аумағы 6 гектардан астам жер тазартылып, 40 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигондарға шығарылды. Сонымен бірге, 1500 шаршы метр жасыл желек аумағына күтім жасалып, ағаштар әктеліп, суарылды.
Сенбіліктің басты мақсаты – тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда ұйымдастырылған акция тұрғындардың белсенділігін оятып, ортақ іске деген ынтымақтастықты нығайтты.
Абай ауданы әкімдігі қоршаған ортаны қорғау бағытындағы осындай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті. Жыл соңына дейін ауданда бірнеше рет сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары, тазалық айлықтары және экологиялық тренингтер өткізу жоспарланған.
Экологиялық қауіпсіздік пен таза қоршаған орта – әрбір азаматтың өмір сапасының негізі. Сондықтан аудан басшылығы мұндай игі істерге барлық тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырады. «Таза қала – таза қоғам» қағидасын берік ұстанған Абай ауданы ұжымы қоршаған ортаға ұқыпты қарау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз деп санайды.

Оқи отырыңыз...

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30.01.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды

Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды

03.02.2026
Применение процедуры судебного банкротства физических лиц и восстановление платежеспособности

Применение процедуры судебного банкротства физических лиц и восстановление платежеспособности

03.02.2026
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған