• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 5 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 30 ЖЫЛ

26.08.2025
in Құқық-заң
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 30 ЖЫЛ

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл – тәуелсіз еліміздің тарихындағы ең ірі саяси- құқықтық оқиғалардың бірі, егемендігіміздің берік негізін қалаған күн. Конституция – мемлекетіміздің дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, барша қазақстандықтарды ортақ мақсатқа біріктірген басты құжат.

Оқи отырыңыз...

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

02.11.2025
ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

01.11.2025
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

01.11.2025

1995 жылғы бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Конституция Қазақстанның жаңа тарихын қалыптастырды. Бұл – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сын-қатерлерден өтіп, елдің даму жолын айқындап берген тарихи шешім болды. Конституция біздің мемлекеттілігіміздің іргетасын бекітіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты құндылық ретінде жариялады. «Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» деп көрсетілген басты қағидат осының дәлелі.

Осы 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге жетті. Елде саяси тұрақтылық орнап, демократиялық институттар қалыптасты, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту жолында ауқымды реформалар жүзеге асты. Конституция билік тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, заң үстемдігі мен әділ сот төрелігінің орнығуына құқықтық негіз қалады.

Сот жүйесі үшін Конституция – әділдіктің басты тұғыры. Онда әрбір азаматтың заң алдында тең екендігі, ешкімнің артықшылыққа ие болмайтыны, әркімнің әділ сотқа жүгіну құқығы бар екені нақты бекітілген. Бұл қағидаттар – сот қызметінің негізгі бағыттары. Бүгінде соттар азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды басты міндет етіп, әділдікті қамтамасыз ету жолында еңбек етуде. Сот шешімдерінің әділ әрі заңды шығуы – Конституцияның талаптарын мүлтіксіз орындау арқылы жүзеге асады.

Ата заңымыз тек мемлекеттік құрылымның негізін қалап қана қоймай, көпұлтты халқымыздың бірлігін нығайтты. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттардың құрылуы – Конституция бекіткен қоғамдық келісім мен тұрақтылық саясатының нәтижесі. Бұл – әлем елдері мойындаған қазақстандық жолдың жемісі.

Конституция – өміршең құжат. Уақыт талабына сай ол да жаңарып, толықтырылып отырады. Соңғы жылдардағы реформалар билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін нығайтып, азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Бұл өзгерістер – халықтың еркін білдіруінің, демократиялық құндылықтардың нығаюының көрінісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуы – баршамыз үшін зор тарихи белес. Бұл – өткенге тағзым етіп, келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік беретін мерейтой. Әрқайсымыз Ата заңымызды құрметтеп, оның талаптарын орындау арқылы еліміздің болашағына үлес қоса аламыз. Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің берік тұғыры, әділдік пен теңдіктің символы, Қазақстанның бақытты болашағының кепілі.

Сержан АЙНАБЕКОВ,

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

05.11.2025
КАЗАХСТАНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: ОТ КОЛИЧЕСТВА К КАЧЕСТВУ

КАЗАХСТАНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: ОТ КОЛИЧЕСТВА К КАЧЕСТВУ

04.11.2025
КАЗАХСТАН – НА ПУТИ К СТРАНЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

КАЗАХСТАН – НА ПУТИ К СТРАНЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

04.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған