• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 23 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ МЕН СОТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

22.08.2025
in Құқық-заң
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ МЕН СОТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Қазақстан Республикасында құқық үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік биліктің басты қағидаты. Әділ сот төрелігі тек сот актісі қабылданған сәтпен аяқталмайды, ол шешімдердің уақытылы әрі толық орындалуымен ғана өз мәнін табады. Соттардың шешімдері орындалмаса, әділет салтанат құрмайды, азаматтардың құқығы да, мемлекеттің беделі де қорғалмайды. Сондықтан сот актілерінің орындалуы – құқықтық мемлекеттіліктің маңызды көрсеткіші.

Оқи отырыңыз...

ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

22.08.2025
КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҒЫ

КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҒЫ

22.08.2025
2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Жүйелі реформалар еліміздегі медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қалай арттыруда

2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Жүйелі реформалар еліміздегі медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қалай арттыруда

21.08.2025

2023 жылдан бастап елімізде Конституциялық Сот қызмет атқара бастады. Оның басты міндеті – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық нормалардың негізгі заңға сәйкестігін қарау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау. Конституциялық Соттың қабылдаған шешімдері түпкілікті, шағымдануға жатпайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. Бұл шешімдердің уақытылы орындалуы – мемлекеттің демократиялық қағидаттарына берік екендігінің дәлелі.

Сондай-ақ жалпы соттар қабылдайтын шешімдер де азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі болып табылады. Азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық істер бойынша шыққан сот шешімдерінің орындалуы – әділ сот төрелігінің аяқталуы. Егер шешім шығарылып, бірақ ол орындалмаса, азаматтар әділеттілікке күмән келтіруі мүмкін.

Сот шешімдерінің орындалу тетігі заңмен қатаң реттелген. Атқарушылық іс жүргізу барысында сот приставтары міндетті шараларды қолданады, борышкерлердің мүлкі мен қаражатына шектеу қояды, қажет болған жағдайда мәжбүрлеп орындату әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл процестің барлығы заңдылықты қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Конституциялық Соттың шешімдері болса, олардың орындалуын қамтамасыз ету – тек сот органдарының ғана емес, сонымен бірге барлық мемлекеттік мекемелердің міндеті. Өйткені мұндай шешімдер Конституцияның үстемдігін бекітіп, бүкіл құқықтық жүйенің дұрыс қызметін қамтамасыз етеді. Конституциялық Сот актілерінің орындалуы – мемлекеттегі заңдардың үйлесімділігін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын сақтаудың алғышарты.

Сот актілерін орындау мәдениеті – құқықтық мәдениеттің айнасы. Әрбір азамат сот шешімдерінің міндетті түрде орындалатынын сезінгенде ғана заңға деген сенімі артады. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – өз әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етудің тетігі. Демек, сот актілерінің мүлтіксіз орындалуы – тек сот органдарының емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен жалпы соттарының шешімдері – елдің құқықтық дамуындағы негізгі құжаттар. Олардың орындалуы мемлекеттің беделін арттырып қана қоймай, әділдіктің салтанат құруын қамтамасыз етеді. Әділ сот төрелігі қабылданған шешімдердің орындалуымен ғана толық мәнге ие болатынын әрбір азамат түсінуі тиіс. Сот шешімдерін құрметтеу – Конституциыяны құрметтеу, ал Конституцияны құрметтеу – елдің болашағына деген жауапкершілік.

М.ӘШІРБЕК,

Шымкент қаласы

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

РЕЗИДЕНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ЛАГЕРЕМ ДЛЯ ЮНЫХ ТАЛАНТОВ

22.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

22.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған