• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 25 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

21.08.2025
in Басты ақпарат
Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

20 тамыз күні Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында үшжақты отырыс өтіп, кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу шарты бойынша нақты атқарған жұмыстарының актісіне қол қою және төлем жүргізу мәселесі талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

25.12.2025
Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

25.12.2025
Түркістан облысы кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекқорлығы мен сапаға деген адалдығы айқын

Түркістан облысы кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекқорлығы мен сапаға деген адалдығы айқын

25.12.2025

Отырысты Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова жүргізді. Кездесуге Палата сарапшылары, «ЖК Онбаев» басшысы Зұлпыхар Онбаев пен өкілдері, сондай-ақ Кентау қаласы білім бөлімінің, «Дәуір» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері қатысты.

2024 жылғы 25 мамырда «ЖК Онбаев» пен «Дәуір» бөбекжай-бақшасы арасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының «Бағалы ұсыныстарға сұраным» тәсілі негізінде №21 келісім-шарт жасалған. Кәсіпкер келісім-шартта көрсетілген жұмыстардың басым бөлігін орындағанымен, тапсырыс беруші тарапынан объектіде жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берілмеген. Соның салдарынан кәсіпкер келісімде көзделген жұмысты толық көлемде аяқтай алмаған.

Кездесу барысында Палата екі жақты тыңдап, мәселені шешу жолдарын ұсынды, ол үшін тараптар алдымен атқарған жұмыстын нақты көлемі мен төлемақысын анықтау мақсатында сараптама жүргізуі тиіс. Осы құжат негізінде әрі қарай заң аясында жұмыс жүргізілетін болады. Бұл ұсынысты тараптар қолдады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова атап өтті:

«Мұндай жағдайда кәсіпкердің құқығы мен еңбегі қорғалуы тиіс. Егер нақты жұмыстар атқарылса, олар міндетті түрде рәсімделіп, актіге қол қойылып, төлем жүргізілуі қажет. Палата әрқашан бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы даулы жағдайларды заңды жолмен шешуді көздейді».

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

25.12.2025
Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

25.12.2025
Түркістан облысы кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекқорлығы мен сапаға деген адалдығы айқын

Түркістан облысы кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекқорлығы мен сапаға деген адалдығы айқын

25.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған