• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

19.08.2025
in Басты ақпарат
«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың модераторлығымен өткен жиынға Кеңес мүшелері, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Бақытбек Амалдықов, экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының бастығы Дәурен Тұрғынбай, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Үсен Исаев, «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бағила Құдайбергенова және кәсіпкерлер қатысты.

Оқи отырыңыз...

«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

«Даму»: субсидии предпринимателям перечисляются в соответствующем размере

19.08.2025
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

18.08.2025

Ваучерная система: предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

14.08.2025

Кеңес отырысында кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктен алған несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қаржысын мерзімінде төлеу мәселесі талқыланды.

Бауыржан Бердалиев кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп, «Даму» АҚ тарапынан несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша жобалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» секілді бағдарламалар шеңберінде соңғы 5 жылда қол қойылған жобалар саны 5,5 мыңнан асты. Оның ішінде 2024 жылы 944 шартқа қол қойылса, биыл 154 шартқа қол қойылды. Дегенмен, Палатаға жүгінген кәсіпкерлердің мәліметінше, бүгінгі таңда субсидияны алуда кәсіпкерлік субъектілерінде бірқатар мәселе бар екені анықталды. Осы мәселенің шешімін табу үшін жиналып, тиісті ұйым басшыларын шақырып отырмыз», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер де сөз алып, бұл жағдай жоспардан тыс шығынға алып келгенін жеткізді.

Бұл сауалдарға «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бағила Құдайбергенова жауап берді.

«Қазіргі уақытта қаржыландыру уақытша тоқтауына байланысты субсидия төлемдері тоқтатылды. Бюджет қаржысы түскен соң субсидиялау қайта жалғасады және кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі бойынша шығыстар өтеледі. Яғни, бизнеске көрсетілетін қолдау толық сақталады. Төлемдер қаржының түсуіне қарай, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады», – деді Бағила Құдайбергенова.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған басқа да сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша кеңес мүшелері жүйелі мәселе туралы ҚР «Атамекен» ҰКП орталық аппараты арқылы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жеткізіп, тиісті дәрежеде шешім қабылдау кажеттігі жөнінде ұсыным қабылдады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

19.08.2025
«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

«Даму»: субсидии предпринимателям перечисляются в соответствующем размере

19.08.2025
«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

19.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған