• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 13 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

19.08.2025
in Қоғам
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кезекті «Таза қала» жалпы қалалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, аудан әкімдіктері, коммуналдық мекемелер қызметкерлері, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты.
Әл-Фараби ауданында өткізілген шараға жалпы 335 адам мен 22 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 27 тонна қоқыс шығарылды. Жұмыстар барысында қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөп шабу, қоқыс алаңшаларын жуу, жолдар мен аяқжолдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Тұран ауданында тазалық жұмыстарына 426 адам мен 36 техника тартылып, 18,3 тонна қоқыс шығарылды. Іс-шарада жасыл желектерді күтіп-баптау, қураған ағаштар мен бұталарды кесу, сондай-ақ аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды.
Абай ауданында ұйымдастырылған жұмыстарға 400 адам мен 15 техника жұмылдырылып, 42 тонна қоқыс шығарылды. Акция барысында қураған ағаштар алынып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді, аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.
Одан бөлектер, тазалық іс-шарасы барысында аудан аумақтарында жасыл желектерді күтіп-баптау, жолдар мен аяқжолдарды жуу, қоқыс алаңшаларын ретке келтіру секілді өзге де жұмыстар атқарылды.
«Таза қала» акциясы — тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыратын экологиялық мәдениет қалыптастыру бастамасы. Мұндай акциялар арқылы тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігі артып, қоршаған ортаны ластамау, көшелер мен аулаларды таза ұстау мәдениеті дамиды.
Іс-шара аясында қала тұрғындарына санитарлық тазалықтың маңызы түсіндіріліп, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу қажеттілігі туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Еріктілер өз ықыластарымен сенбілікке қатысып, экологиялық қозғалысқа үлес қосуда.
Шымкент қаласының әкімдігі мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды көздеп отыр. Себебі қала тұрғындарының өмір сапасы мен денсаулығы тікелей қоршаған ортаның тазалығына байланысты. Сонымен қатар қала келбетінің тартымды әрі көрікті болуы да осы бағыттағы еңбектің жемісі.
«Таза қала» акциясы арқылы экологиялық тәрбиенің жаңа деңгейге көтеріліп, ұрпаққа үлгі боларлық орта қалыптастыру — бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған