• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 8 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

БАСТЫ МАҚСАТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

07.08.2025
in Қоғам
БАСТЫ МАҚСАТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

Оның басты тетігі – материалдық-техникалық базаның нығайту

Оқи отырыңыз...

БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

07.08.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

07.08.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

06.08.2025

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) ұйымдары мен жатақханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту мен нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларында, Үкіметтің кеңейтілген мәжілістерінде де айтылып жүр. Президент былтыр «Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженер-өнеркәсіпшілердің жаңа буынын тәрбиелеу керек», – деп, жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамти отырып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырған еді. Биыл Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылады, еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс», — деп түйіндеген еді.
Материалдық-техникалық базаның нығаюы студенттердің әлемдік стандарттарға сай білім алуына жол ашады. Ал, бұл процестерді қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі – мемлекет қазынасынан бөлек, жергілікті бюджет, сондай-ақ жұмыс берушілер мен инвесторлардың қолдауы. Мәселен жергілікті бюджет қаражаты ағымдағы қажеттіліктерге ғана емес, ғимараттарды, зертханаларды, оқу аудиторияларын жаңартуға, жаңа оқу және тұрғын үй ғимараттарын салуға жұмсау маңызды. Жергілікті бюджет есебінен жасалатын негізгі жұмыстарға – ғимараттарды жөндеу және қайта құрылымдау (терезелерді, шатырды, жылыту жүйелерін ауыстыру, электр және су жүйелерін модернизациялау); оқу зертханалары мен шеберханаларына заманауи жабдықтар сатып алу; студенттер үшін жаңа жатақханалар салу және олардың жағдайын жақсарту кіреді.
Шымкентте жергілікті билік органдары білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, инфрақұрылымды жаңарту үшін қажетті қаржыны дер кезінде жоспарлап, есепке алып отыр. Қазіргі таңда бұл бағытта бірнеше нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына орай қаладағы 25 колледждің базасын нығайту жоспарланған. Олардың қатарынада Индустриалды-техникалық колледжі, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі, Политехникалық колледж, Жол-көлік колледжі, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Саз колледжі, аграрлық-техникалық колледж, Энергетика және байланыс колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі бар. Сондай-ақ, былтыр Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің студенттері үшін 95 орындық жатақхана салынса, биыл арнаулы мемлекеттік қор қаржысы есебінен Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде 300 орындық жатақхана құрылысы жүріп жатыр.
Білім сапасын арттырып, тәжірибемен ұштастыруда жұмыс берушілер маңызды рөл атқарады. Олар оқу орындарындағы жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ студенттер үшін өндірістік оқу мен тәжірибе ұйымдастыруға қаржылай қолдау көрсетіп жатады. Мұндай ынтымақтастық шаралары оқу орындарының материалдық базасын жақсартумен қатар, студенттерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инвесторлар да білім ұйымдарының материалдық базасын жаңартуға өз үлестерін қосып, жаңа ғимарат пен жатақхана салу, барлық объектілерді модернизациялау және қайта құру, заманауи технологиялар мен жабдықтарды енгізу бағытында инвестиция салуы мүмкін. Инвесторлардың мұндай қолдау оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Мегаполисте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыс жетерлік. 2024-2025 оқу жылында Шымкенттегі 40 кәсіптік-техникалық білім ұйымдарынан 15 мыңнан аса түлек шықты. Алдағы жылдары да техникалық-материалдық базасы мықты білім ордасында оқыған студенттер арасынан білікті, бәсекеге қабілетті мамандар шығып, жаңа буын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосатынына сенім мол.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

07.08.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

07.08.2025
БАСТЫ МАҚСАТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

БАСТЫ МАҚСАТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

07.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған