• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 30 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

29.07.2025
in Басты ақпарат
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың модераторлығымен өткен жиынға Кеңес мүшелері, Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің, Құрылыс басқармасының, Қаржы басқармасының, Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылары, кәсіпкерлер, сонымен қатар, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің жетекшілері онлайн қатысты.

Оқи отырыңыз...

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері   

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері  

30.07.2025
ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

30.07.2025
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Прошло очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

29.07.2025

Кеңес отырысында бюджетті атқарудың және кассалық қызмет көрсетудің жаңа қағидаларының мемлекеттік сатып алу саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер алдындағы қаржылық міндеттемелердің уақтылы орындалуына әсері туралы талқыланды.

«2025 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Қаржы министрінің «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығы күшіне енді. Мердігердің тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жеткізушілермен бюджеттік есеп айырысулар енді «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (АЖ)» цифрлық жүйесі арқылы жүргізіледі және ЭШФ АЖ-дан «Қазынашылық-клиент» АЖ-на интеграцияланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жаңа ережелер қабылданғаннан кейін бизнес қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін? Кәсіпкерлерде мемлекеттік келісімшарттардың қалыпты орындалуына кедергі келтіретін бірқатар проблема туындауы мүмкін, әсіресе, құрылыс, тауарлар жеткізу және жұмыстарды орындау саласында. Қазынашылық тарапынан төлем жүргізудің кешігуі міндеттемелердің орындалуына әсер етеді және шығындарға әкеп соғады, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инфрақұрылымдық жобалардың аяқталуына кедергі келтіреді», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Майя Исаева.

Жиында бизнес-қоғамдастық өкілдері жаңа рәсімдерді бірден, жеткілікті түрде бейімдеусіз, пысықтаусыз енгізудің салдарына алаңдаушылық білдірді.

«Жаңа тәртіп бойынша біздің контрагенттермен, қызмет жеткізушілермен есеп-айырысуымыз қиындап кетті. Жаңа талап бойынша тапсырыс берушінің қаржысын алу үшін біз қазынашылық департаментіне шот-фактураларды, атқарылған жұмыс туралы актілер секілді құжаттарды өткізуіміз қажет. Ал бізге қызмет және тауар жеткізушілерге қаржы аударылмайынша, олар бұл құжаттарды бере алмайды. Сондықтан, ірі сома болғандықтан, басқа банк шоттарындағы жеке қаржымызды пайдалануға, ол жетпесе, несие алып есеп айырысуға тура келеді. Бұған қоса «Қазынашылық-клиент» АЖ ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеуде техникалық күрделіліктер туындауда», – деді «Корпорация Береке-А» ЖШС бас директоры Еркінкүл Оспаналиева.

«Қажынашылық сүйемелдеу жобасы елімізде бірнеше жыл бұрын енгізілген. Ең алдымен сметалық құны 2 млрд теңгеден астам жобалар қазынашылық сүйемелдеуге жатты, ал былтырдан бастап өзгеріс енгізіліп, ол меже 1 млрд теңгеге түсті. Енді, 20 маусымнан бастап күшіне енген қағида бойынша құрылыс саласындағы барлық жұмыс тек қана аванстық төлем шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Мысалы, сіздерге тапсырыс беруші тарапынан 30 пайыз аванс қаржы аударады, ол игерілген соң қаржының басқа бөлігі екінші деңгейдегі шоттарыңыз арқылы жүргізіледі», – деп түсіндірді Шымкент қалалық қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Абсадирова.

Ал «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков бұл проблема мұқият зерделеуге алынатынын мәлімдеді.

Жиынға қатысушылар бұл тұрғыда Қазынашылық департаменті жұмысын атқарып, бұйрықты орындап жатқанымен, ал ҚР Қаржы министрлігінен түскен бұйрықтың әлі де пысықтап, талқыланатын тұстары бар екенімен келісті.

Осыған орай Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жағдайды жақсартып, мемлекеттік тапсырыстың дер кезінде орындалмай қалуы сияқты келеңсіздіктің алдын алу мақсатында резолюция қабылдады:
1. Осы мәселені жүйелі проблемалар қатарына қосу;
2. Мәселені «Атамекен» ҰКП Орталық аппаратына жеткізу;
3. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірге кәсіпкерлердің кездесуін ұйымдастыру ұсынылды.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне бұйрықты кәсіпкерлер арасында толық түсіндіруді ұйымдастыру, атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызметті нақтылау процедурасын жеңілдету мәселесін қарастыру ұсынылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері   

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері  

30.07.2025
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ – НАҚТЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ – НАҚТЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

30.07.2025
ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

30.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған