Қала инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Соның аясында Ташенов көшесінің Төрекұлов көшесінен Уалиханов көшесіне дейінгі аралығында асфальт төсеу жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруы үшін аяқжол ұйымдастырылып, жол таңбалары сызылды. Бұл шаралар қаланың көркін арттырып қана қоймай, көлік қозғалысының сапасы мен жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.
Инфрақұрылымдық даму – қаланың қарқынды өсіп-өркендеуінің кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.