Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Руханият орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ұлт тәрбиесіндегі маңызды тұлғалар – әке мен ұлдың рөлін дәріптейтін ерекше тәрбиелік шара өтті.
«Әке – ұрпаққа өнеге, ұл – болашаққа өрнек» атты бұл сайыс жасөспірімдер мен ата-аналар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұл балалардың тәрбиесіне қоғам назарын аударуға, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтауға бағытталды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Тажыбеков және Қоғамдық келісім «Сауран аудандық филиалының» басшысы А.Раматуллаев, «Руханият және талдау орталығы» КММ-нін басшысы С.Әшірбай құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.
Сайыс 3 бөлімнен тұрды:
1. «Таныстыру» кезеңі – Әке мен ұл жұптары өз отбасын, ұстанымдарын, қызығушылықтарын таныстырды.
2. «Ұмыт болған дәстүрлер» тақырыбында сұрақ-жауап кезеңі – Қазақ халқының бай мұрасындағы әке мен ұлға қатысты салт-дәстүрлерді жаңғыртты.
3. «Өнері бар – өрге жүзер» кезеңі – Әке мен ұл жұптары өнерлерін көрсетіп, сахна төрінде күй, жыр, ұлттық ойын және қолдан жасалған бұйымдар арқылы көрермендерді тәнті етті.
Іс-шараның соңында әділқазылар алқасы сайыс нәтижесін жариялап, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттады.

Ибрагимовтар отбасы.

Манашовтар отбасы.

Акаевтар отбасы.
Бұл шара әр отбасы үшін тағылымды, ұлт болашағы үшін маңызды қадам болды. Әке мен ұл арасындағы рухани сабақтастықты нығайтып, елдікке бастар жолдың – отбасындағы тәрбиеден басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.