• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
in Қоғам, Құқық-заң, Технология
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Smart City концепциясы аясында Шымкент қаласында «Цифрлы контейнер» жобасы қаладағы қоқыс алаңшаларын басқаруды оңтайландыру мақсатында пилоттық жоба ретінде қолға алынып, алғашқы нәтижелерін көрсеткен.
Қоқыс алаңшаларына талдау жүргізілгеннен кейін, жеке компания тарапынан Желтоқсан көшесі №88 мекенжайында орналасқан қоқыс алаңына бейнебақылау жүйесі орнатылған. Жүйе бейнебақылау арқылы аналитика жасай алады. Қоқыс алаңдарының толуы, заңсыз көліктердің келуі және басқа да мәселелерді нақты тіркеп отырады. Сонымен қатар QR код тақтайшалары арқылы қала тұрғындары 109-Бірыңғай байланыс орталығының WhatsApp мессенджеріне тікелей өтініш жолдай алады. Бейнебақылау жүйесінің енгізілуі нәтижесін бірден көрсетті. Осы уақытқа дейін қоқыс алаңшасының 52 рет толуы тіркелген. 164 заңсыз көлік құралы анықталса, 1 жану фактісі тіркеліп, шара қолданылды. Сонымен қатар, Желтоқсан көшесі №88, Мангельдина көшесіндегі №44 үй маңындағы алаң, Арай-2 азық-түлік дүкені жаны және Измир көшесіндегі аллея маңына QR-код тақтайшалары орнатылған. Орнатылған QR-кодтар арқылы қала тұрғындары мәселелерін оңай және жылдам жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл жүйе 109-Бірыңғай байланыс орталығына өтініш беруді едәуір жеңілдетті. Пилоттық жоба аясында қала тұрғындарынан барлығы 14 өтініш түскен.
Тағы бір көңіл аудартқан жоба денсаулық сақтау саласында кадрлық басқаруды жаңғырту мақсатында енгізіліп жатқан «HR-process» жүйесі. Бұл жүйе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына арналған кадрлық іс жүргізуді оңтайландыруға бағытталған инновациялық шешім болып табылады.
– HR-process жүйесін енгізу арқылы келесідей маңызды мәселелер шешімін табады. Кадрлық ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету, барлық мәліметтердің дұрыстығын бақылау. Құжат айналымының нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі, жүйе қызметкерлердің біліктілігіне қарамастан, заңнама талаптарын сақтауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен «КДС Франчайзинг» компаниясы арасында HR-process пилоттық жобасын іске қосу және ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Жоба денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлық процестерді автоматтандыруға бағытталып отыр. Пилоттық жобаның аясында Шымкент қаласының №2 қалалық емханасының үш корпусына планшеттер орнатылды. Жүйе арқылы мекеме қызметкерлеріне жұмыс процесін тиімді басқару, жалақыны есептеу, кадрлық мәліметтерді бақылау сияқты маңызды функциялар ұсынылды. Сонымен қатар, қызметкерлерге жүйені қалай қолдану керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
HR-process жүйесі нәтижелі болса, Шымкент қаласының кадрлық басқару саласындағы цифрлық трансформацияның маңызды бөлігі болмақ.
Тағы бір пилоттық жоба «Цифрлық комплаенс ассистент» платформасы. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Куатжылуорталык-3» МКК және «Prime Source» ЖШС арасында 4 жақты меморандумға қол қойылып, пилоттық жоба ретінде «Куатжылуорталык-3» мекемесінде «Цифрлық Комплаенс Ассистент» жүйесі орнатылған. Платформаны сынақтан өткізу нәтижесінде 63 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар жасалды.
– Платформа жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа әдістемелері мен құралдарының арқасында өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Бұл жүйе ұйымдарға ашықтықты арттырып, бюджеттік шығындарды оңтайландыруға көмектеседі. Алдағы уақытта «Цифрлық Комплаенс Ассистент» платформасын Шымкент қаласының басқа да салалық басқармалар мен мекемелерге енгізу жоспарлануда. Бұл қадам сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюджеттік шығындарды оңтайландыруға және басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Цифрлық технологияларды қолдану арқылы Шымкент қаласы заманауи және ыңғайлы инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадам жасауда. Бұл бастамалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қаланы таза әрі жайлы мекенге айналдыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған