• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

24.06.2025
in Қоғам
В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ УБОРКА В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық шаралары өтті. Оған қала тұрғындары белсенді түрде қатысып, табиғатқа деген жанашырлығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін паш етті.

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ УБОРКА В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ УБОРКА В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

24.06.2025
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

По поручению Президента Олжас Бектенов принял участие в открытии Академии управления МВД в рамках недели «Закон и Порядок»

24.06.2025
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

24.06.2025

Жалпы, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалпыхалықтық сипат алып келеді. Бұл жолы да барлық аудандар, мекемелер мен ұйымдар белсене қатысып, тазалық шаралар жоғары деңгейде өтті. Атап айтқанда, қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарында сенбіліктер ұйымдастырылып, орталық көшелер мен аулалар тазартылып, ағаштар әктеліп, көпқабатты үйлердің аумағы ретке келтірілді.

«Таза Қазақстан» бағдарламсының шеңберінде, әсіресе, «Таза аула» атты арнайы тазалық шарасы қарқын алып, әр ауданның тұрғындары, еріктілер, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері бірлесіп, өз аулалары мен көшелерін тазалап, ретке келтіруге атсалысты.
Мәселен, Абай ауданы аумағында көпқабатты үйлердің аулалары, көше бойлары, арық-атыз жүйелері тазаланып, ағаштар қырқылып, әктеу жұмыстары жүргізілді.

«Бүгін біздің шағынауданда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шарасы өтті.
Оған қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар, жастар мен еріктілер белсене қатысты. Бұл бастама елімізде экологиялық мәдениеттің қалыптасуына оң әсерір тигізеді деп ойлаймын», — дейді көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Гүлсін Сапаралықызы.

Сонымен қатар, қаладағы Әл-Фараби ауданы Жібек жолы көшесіндегі №1, №2, №3 тұрғын үйлердің ауласында да тазалық шаралары жоғары деңгейде өтті. «Таза аула» акциясы аясында тұрғындар мен жастар ұйымдары жұмыла жұмыс істеді.

«Әрбір тұрғынның бұл іске атсалысуы қатты қуантып отыр. Осындай еліміз, жеріміз үшін ортақ жауапкершілікке деген үлкен қадамға жұрт болып жұмылып кірісуі дәстүрге айналып келеді. Бұл тұрғындардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы үлкен үлесі», — дейді еңбек ардагері, қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Өркен Әбдірев.

Бұдан бөлек Еңбекші ауданындағы №11 шағынауданындағы Ш.Уалиханов көшесінде орналасқан №192А тұрғын үйдің маңында сенбілік ұйымдастырылды.

«Таңғы сағат 9-дан бастап тұрғындар, ардагерлер, жастар мен еріктілер белсенді түрде қатысып, ауланы көркейтуге жұмылды. Бүгінгі жұмыла көтерген жұмыстың жеңіл боларын көрсеткен ұйымшыл адамдардың тірлігінен елге деген жанашырлықтың көрінісін көріп отырмыз», — дейді аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Пернабек Айтжанов.

Қаратау ауданы аумағында да тұрғындар мен жастар ұйымдарының қатысуымен аулалар мен көшелер тазартылды. «Ағаштарды қырқу, аулаларды тазарту сынды жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылды. Мұндай акциялар тек экологияны жақсартуға емес, қоғамдағы бірлікті нығайтуға да әсер етеді», — деп атап өтті «Қаратау» КММ бөлім басшысы Асан Акбанов.

Тұран ауданындағы Спорт шағынауданындағы №11, №12, №13 тұрғын үйлердің маңында өткен сенбілік те жоғары деңгейде өтті.

«Бұл тек тазалық емес, тәрбиелік мәні бар бастама. Ата-бабаларымыздан қалған ұлы даланы аялау – жас ұрпақтың борышы. Мұндай бастама жүрегіміздегі отаншылдық сезімді оятады. Тіпті, күннің ыстығына қарамастан, қаламыздың көркі үшін қолымызға күрек алып, тазалық жұмыстарына келіп отырмыз», — дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.

Тұран ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Даурен Балғанов та аудан тұрғындарының, жастар мен еріктілердің белсенділігін ерекше атап өтті. Бүгінде халықтық сипат алған акция еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін ел мен жерге құрмет ең басты құндылық екенін түсінуге үндеп келеді.

«Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысатын Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен ерікті жастардың еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар қоғамдық орындар мен орталық көшелерді тазалап, елге үлгі көрсетуде әрқашан алдыңғы шептен көрініп келеді.

«Таза Қазақстан» – ұлт рухының тазалығы, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштіктің көрінісі. Қоғамдық орындарды тазалап, ел ісіне үлес қосып жүрген жастар ел болашағының кепілі боларына сенімдіміз», — дейді орталық директорының міндетін атқарушы Аружан Әлжан.

Ал, жастар орталығының өкілі, белсенді ұйымдастырушы Рауан Қыпшақбаевтың айтуынша, жастардың белсенділігі Мемлекет басшысы бастамасының шын мәнінде қолдау тауып жатқанын көрсетеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді ұйыстыратын, қоғамды оң өзгеріске бағыттайтын осындай бастамалары бізге үлкен шабыт береді. «Таза Қазақстан» акциясы ұлттың ішкі мәдениетін көтеретін, рухты оятатын, болашаққа сеніммен қарауға жол ашып келеді», — ол.

Мұндай ауқымды бағдарлама ұлттың сана тазалығы, экологиялық мәдениеті, бірлік пен бейбітшіліктің көрінісіне айналып жатқаны сөзсіз. Шымкент қаласында өткен тазалық шаралары осындай бірліктің, жауапкершіліктің, патриотизмнің нақты дәлелі болып отыр. Бірліктің, тазалықтың, патриотизмнің айқын үлгісіне айналған бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын тауып, әрбір шымкенттіктің ортақ борышына айналары анық.

#ТазаҚазақстан
#TazaChallenge
#TazaQazaqstan

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш ауданында биыл бес айда инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан

Сарыағаш ауданында биыл бес айда инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан

24.06.2025
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢСЫЗ КОНТЕНТ БҰҒАТТАЛДЫ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢСЫЗ КОНТЕНТ БҰҒАТТАЛДЫ

24.06.2025
В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ УБОРКА В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

24.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған