• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 22 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

22.06.2025
in Қоғам, Экономика
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин өткен жылдың мамыр айында қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Сонымен қатан мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырған.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025

Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард 750 миллион АҚШ долларын инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.

Қала әкімі компания басшылығына мегаполиске қызығушылық танытып, өнеркәсіп саласын дамытуға тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар бүгінде Шымкентте инвестиция тартуға барлық жағдай жасалғанына тоқталды. Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, қалада қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылуда. Құны шамамен 700 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

22.06.2025
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған