• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 19 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

18.06.2025
in Қоғам, Құқық-заң
АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Кейін 2025 жылғы 12 ақпанда Шымкент қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды (№2а-116/25). 2025 жылғы 16 мамырда сотта тараптар татуласу келісіміне келіп, «СОХО» кафесінің ғимараты мемлекет меншігіне өту туралы ұйғарым шығарылды.
Абай саябағы аумағында орналасқан «INGOLSTAD» кафесіне қатысты да сот шешімі қабылданды. 2024 жылғы 18 желтоқсанда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты №5265-2-00-2/3880 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Бұл шешім 2025 жылғы 19 наурызда апелляциялық сатыда қаралып, өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен қатар, сот алқасы тараптардың медиация тәртібімен татуласу келісімін мақұлдамады. Қазіргі таңда аталған іске байланысты татуласу келісімін бекіту туралы өтініш Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайта жолданып, іс қаралу үстінде. Ал, «Колизей» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 24 сәуірде №5265-25-00-2/77 шешімімен мемлекеттік органның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым беріліп, қазіргі уақытта іс сотта қаралу сатысында.
Аталған сот істері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарды жою, қала келбетін сақтау және жер заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мәселелер заң аясында әрі кезең-кезеңімен шешілуде.

Оқи отырыңыз...

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

18.06.2025
АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ИЕСІ

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ИЕСІ

18.06.2025
ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ДРОНДАР ШОУЫ ӨТЕДІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ДРОНДАР ШОУЫ ӨТЕДІ

17.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН ӘЗ — ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН ӘЗ — ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

18.06.2025
Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

18.06.2025
АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

18.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған