• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

05.06.2025
in Қоғам, Экономика
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – еліміздегі басты стратегиялық бағыттардың бірі. Бұл үрдіс әлеуметтік саладан да айналып өтпеді. Осыған орай, 2025 жылғы маусым айында Қазығұрт ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрлық форматқа көшіруге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Ауқымды шара әлеуметтік қорғау саласын заманауи технологиялармен қамтамасыз ету арқылы халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, процестердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді мақсат тұтты.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида және әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері қатысты. Жобалық кеңсе өкілдері семинар аясында тыңдаушыларға жаңа жүйелердің маңыздылығы мен артықшылықтары туралы жан-жақты түсінік берді.
Семинарға арнайы жұмыс сапарымен келген топ құрамында Түркістан облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова да болды. Оның айтуынша, цифрландыру тек процестерді жеңілдетіп қана қоймай, азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге деген сенімділікті арттырады, сонымен қатар адами фактордан туындайтын қателіктердің алдын алады.
Жиынды Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі қоғам тұрақтылығының кепілі екенін айтып, цифрлық жүйелерді енгізу арқылы бұл бағыттағы қызметтердің жаңа деңгейге көтерілетінін атап өтті.
Оқыту семинарына аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана мен емхана қызметкерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысты. Бұл семинар тек теориялық дәріс ретінде ғана емес, нақты тәжірибелік қадамдарды түсіндіретін, сала мамандарына арналған кәсіби бағыт-бағдар беретін алаң ретінде ұйымдастырылды.
Семинар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен қолданысқа енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі және Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) жайлы кең көлемде ақпарат берілді. Жаңа платформалар мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін автоматтандыру арқылы халықпен кері байланысты жақсартуға, деректерді нақты әрі жедел өңдеуге мүмкіндік береді. FSM Social жүйесі – отбасылық және әлеуметтік қолдау қызметтерін біріктіретін әмбебап жүйе болса, Socium ААЖ – жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік саладағы ұйымдардың өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ететін заманауи құрал.
Одан бөлек, семинарда қатысушыларға мобильді қосымшалар арқылы қандай қызмет түрлерін алуға болатыны көрсетіліп, нақты жағдайларға мысал келтіріле отырып, жүйемен қалай жұмыс істеу керек екені тәжірибе жүзінде түсіндірілді. Жаңа технологиялардың енгізілуі мамандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға және шешім қабылдау дәлдігін күшейтуге бағытталған. Бұрын қағаз жүзінде жүзеге асырылатын көптеген операциялар енді цифрлық жүйе арқылы бір терезе қағидаты негізінде орындалады.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Тәжірибе алмасу сәтінде сала қызметкерлері жүйеде кездесуі мүмкін қиындықтар мен оларды шешу жолдары туралы пікір алмасты. Қатысушылардың басым бөлігі семинардың өзектілігін, уақыт талабына сай ұйымдастырылғанын атап өтті.
Аталған оқыту семинары – Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету саласын заманауи бағытта дамыту жолындағы маңызды қадам. Мұндай семинарлар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, бүкіл облыс аумағына кеңінен таралады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз...

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған