• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ҚАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

11.06.2025
in Қоғам, Құқық-заң
ҚАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде 181 қылмыстық іс тіркеліп, олардың 11-і сотқа жолданды. Ең жиі кездесетін қылмыстардың қатарында алаяқтық, ұрлық, есірткінің заңсыз айналымы, тонау және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер тіркеліп отыр. Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет кеңістігінде жасалған. 29 жағдай онлайн-алаяқтық ретінде тіркелсе, оның ішінде әлеуметтік желілер мен сайттардағы жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау, инвестициямен пайда табу уәдесі, өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жасалған жалған қоңыраулар және жалған несиелер рәсімдеу әрекеттері кездеседі. Мысалы, «С» есімді азаматшаға белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, есепшотынан күмәнді несие рәсімделгенін айтып, оны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрап, 2 700 000 теңгені иемденіп кеткен. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай жағдайлар жиі тіркеліп отырғандықтан, тұрғындардан бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болу, ресми банк байланыс нөмірлеріне қайта хабарласу арқылы нақты ақпарат алу сұралады. Сонымен қатар, қалта ұрлығы мен ұялы телефондарды жымқыру фактілері де артып келеді. Мәселен, 1 маусым күні орталық саябақта белгісіз тұлға бала арбасындағы қалтадан ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткен. Әдетте қалта ұрлықтары базарлар, қоғамдық көліктер мен мерекелік іс-шаралар кезінде орын алады, сондықтан халық көп шоғырланған жерлерде бағалы заттарға мұқият болу қажет. Есірткі айналымына қатысты да алаңдататын жағдайлар тіркелуде. Апта ішінде бұл салада ұсталған 11 адамның 5-еуі – 18-30 жас аралығындағы жастар, ал қалғаны – 30-60 жас арасындағы жұмыссыз азаматтар. Көп жағдайда жастар әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамаларға сеніп, есірткі тасымалдаушы ретінде тартылып жатыр. Осыған байланысты жастарды беймәлім ұсыныстарға алданбауға, заңсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауға және мемлекет дамуына өз үлесін дұрыс жолмен қосуға шақыру маңызды. Қала аумағында жол-көлік оқиғалары да жиі тіркелуде.
Жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, жолда телефон қолдануы, рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншілер, сондай-ақ электро — скутер мен самокатты ереже бұза отырып басқарған жасөспірімдер – негізгі себептердің қатарында. Сонымен бірге мас күйде көлік басқару фактілері де бар. Осыған байланысты жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау талап етіледі, ал ата-аналардан – балалардың қауіпсіздігі үшін жоғары жылдамдықты көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеу сұралады. Қаланың қауіпсіздігі – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін еске саламыз.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

12.06.2025
АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

11.06.2025
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

11.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті.

Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті.

12.06.2025
Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті

Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті

12.06.2025
БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

12.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған