• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 20 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: «ҚАЗЫҒҰРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

02.06.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: «ҚАЗЫҒҰРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында орналасқан «Қазығұрт» индустриалды аймағы өңірлік экономиканы дамытуда және инвестиция тартуда айрықша орын алып келеді. Қазіргі таңда бұл аймақта жалпы құны 4,9 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде. Аталған жобалар іске толық қосылғанда 249 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Бүгінде жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын 4 жоба толық іске қосылып, нақты 123 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл – өңірдің өндірістік әлеуетінің артып келе жатқандығының айқын көрінісі. Сонымен қатар, бірқатар жаңа өндіріс нысандарының құрылысы жоспарға сай қарқынды түрде жүргізілуде.
ӨНДІРІС ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛҒАН ҚАЗЫҒҰРТ:
Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барып, «Қазығұрт» индустриалды аймағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жаңа жобалармен танысу барысында ол жауапты тұлғаларға инвесторлар тарту, өндіріс қуаттылығын арттыру, жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда «Билол» ЖК тарапынан 3 гектар аумақта болат шарларын өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Бұл өндіріс ошағы жылына 5000-6000 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталып, заманауи технологиялық жабдықтар орнатылуда.
2025 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН ЖОБАЛАР:
Биылғы мамыр айынан бастап екі жаңа жоба бойынша құрылыс басталды:
— «TIMUR.LES» ЖШС – жиһаз, жұмсақ полиуретан көбігі және бағдарланған бөлшектер тақтасын өндіретін зауыт салып жатыр. Жылдық өндірістік қуаттылығы – 10 мың дана жиһаз.
— «AGRO irrigation» ЖШС – су үнемдеуге арналған полиэтилен құбырларын өндіретін зауыт құрылысын қолға алды. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 10 000 тонна өнім. Бұл жоба ауыл шаруашылығын тиімді жүргізуге сеп болады.
Екі жобаның да жер телімдері рәсімделіп, құрылыс жұмыстары басталған. Инвесторлар жергілікті еңбек ресурсын тарту арқылы өңірдегі жұмыссыздықты азайтуға үлес қоспақ.
Сонымен қатар, «Сапа 2002» ЖШС 150 гектар аумаққа жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл жоба ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ:
«Қазығұрт» индустриалды аймағында қазіргі уақытта табысты жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпорын бар. Атап айтқанда:
— «Көрік ШҚ» ЖШС – 2018 жылдан бастап алкогольсіз табиғи шырынды сусындар өндіреді. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы – 1000 тонна.
— «CG Foods Central Asia» ЖШС – 2019 жылдан бері тез әзірленетін тағамдарды өндіреді. Жылына 1100 тонна өнім шығарылады. Қазіргі таңда кәсіпорын өнімдерін Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттауда. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
— «Асыл су» ЖШС – автоматтандырылған ауыз су жүйесі және капсула өндірісін іске қосқан.
— «Сабит» шаруа қожалығы – «Ағанай» су қоймасына 200 мың шабақ жіберіп, балық өсірумен айналысуда.
Жалпы, Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақ облыстық инвестициялық саясаттың нақты жемісі ретінде бағалануда. Мемлекеттік қолдау мен жергілікті әкімдіктің үйлестіруімен жүзеге асып жатқан жобалар – аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған.
Таяу жылдары «Қазығұрт» индустриалды аймағында тағы бірнеше жаңа жобалар жүзеге асырылып, жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде өңірлік өндіріс қуатын арттырып, экспорттық әлеуетті кеңейтуге сеп болады.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

19.09.2025
В Шымкенте общегородской субботник «Чистый город» прошёл на высоком уровне

В Шымкенте общегородской субботник «Чистый город» прошёл на высоком уровне

15.09.2025
В Абайском районе продолжается открытый диалог с населением

В Абайском районе продолжается открытый диалог с населением

14.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ СЕКТОР – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

АГРАРЛЫҚ СЕКТОР – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

19.09.2025
КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ АПК – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА

КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ АПК – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА

19.09.2025
ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

19.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған