• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 5 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

26.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарасты Келес ауданы қарқынды дамып, ауылдық округтерде инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ауданның Ошақты ауылдық округінде халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту бағытында нақты істер қолға алынып отыр. Ауыл халқының тұрмысына тікелей әсер ететін бірқатар ауқымды жобалар кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025

Өткен жылы округ аумағындағы Жиделі елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай жабдықталып, ауыл балаларына сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалды. Жаңа оқу орны – елді мекеннің білім саласындағы басты жетістіктерінің бірі саналады. Сонымен қатар, мектеп маңында қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылып, қауіпсіздік шаралары да қатаң сақталған.

Инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер байқалуда. Ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары аясында бірнеше елді мекеннің ішкі көшелеріне асфальт төселіп, жол сапасы айтарлықтай жақсарған. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін тротуарлар салынып, жол жиектері абаттандырылуда. Қазіргі таңда Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында қосымша көше жолдарын жаңарту, кеңейту және жарықтандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Электр энергиясын тұрақты әрі сапалы жеткізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Округ аумағындағы бірқатар елді мекендерде ескірген электр желілері мен бағаналарын жаңарту бойынша жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға ұсынылды. Бұл бастама іске асқан жағдайда, жарықтың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы одан әрі жақсара түспек.

Табиғи газбен қамту мәселесінде де ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бүгінде Ошақты ауылдық округіне қарасты 13 елді мекеннің 7-еуі толықтай табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған 6 ауылда газ тарту жұмыстары қазіргі уақытта қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша бұл жұмыстар ағымдағы жылы толық аяқталып, барлық ауыл тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Газ жүйесінің іске қосылуы – тұрғындарға тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ экологиялық ахуалды оңалтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де басты назарда. Бүгінде округке қарасты үш елді мекенде су тазарту құрылғылары орнатылып, жұмыс істеуде. Бұл құрылғылар арқылы ауыл тұрғындары таза әрі қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Су сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта басқа елді мекендерде де жалғасын табатын болады.

Ауыл шаруашылығына қажетті ағын су мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. 2023 жылы округтегі бірнеше су арналары мен каналдар механикалық тазартудан өтті. Бұл жұмыстардың нәтижесінде егістік алқаптарына су жеткізу көлемі артты. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Су тасқынының алдын алу мақсатында каналдар мен арықтар жүйелі түрде тазаланып, арнайы су бұру арналарында реттеу жұмыстары жүргізілді. Мұның бәрі ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға және табиғи апаттардың алдын алуға бағытталған.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жан-жақты баяндады. Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ескерілді. Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта да халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымдық бастамалар жалғасын табатын болады.

Жалпы, Келес ауданының дамуы мен өркендеуі – облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан нақты жұмыстардың нәтижесі. Ауылдық округтерде қолға алынған бұл игі бастамалар тұрғындардың сенімін ақтап, ел болашағына деген үмітін арттыра түспек.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Полиция ойын алаңшасын қиратқан  жасөспірімдерді анықтады

Полиция ойын алаңшасын қиратқан жасөспірімдерді анықтады

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

04.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған