• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 9 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

26.05.2025
in Қоғам
ТҮРКІСТАН: ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде отбасылық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру және әлеуметтік әл-ауқаты төмен, қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Осы мақсатта 2024-2025 жылдар аралығында Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылып, жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өңірде барлығы 17 орталық халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Оқи отырыңыз...

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

05.06.2025
«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

05.06.2025
ҰСТАЗДЫҚПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

ҰСТАЗДЫҚПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

04.06.2025

Жаңа форматтағы әлеуметтік қолдау: жүйелі даму мен нақты нәтиже:
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жандандыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру және қызмет сапасын арттыру бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқармалар мен орталықтардың басшылары қатысты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, орталықтардың қазіргі ахуалы мен кездесіп отырған қиындықтарын саралады. Оның айтуынша, өңірдегі орталықтарға толыққанды зерделеу жұмыстары жүргізіліп, олардың инфрақұрылым, интернетке қолжетімділік, штаттық құрылым және мамандардың біліктілігі секілді негізгі аспектілері бойынша өзекті мәселелер анықталған.

Нақты шешімдер мен тапсырмалар берілді:
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы әлеуметтік әлсіз топтарға арналған қызметтердің сапасын жақсарту – өңір басшылығының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Отбасы – қоғамның іргетасы, тәрбиенің, дәстүр мен руханияттың діңгегі. Біз түрлі әлеуметтік қатерлердің алдын алу үшін отбасы институтын жүйелі түрде қолдауымыз қажет. Бұл ретте отбасын қолдау орталықтарының рөлі айрықша. Түрлі құқықбұзушылықтар, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын келеңсіздіктердің алдын алу – бұл орталықтардың басты міндеттерінің бірі болуы тиіс. Әрбір аудан, қала бойынша қылмыс деңгейі жоғары аймақтарды анықтап, жұмыс картасына енгізіңіздер, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Сонымен қатар, ол медициналық, психологиялық, құқықтық көмектердің тұрақты түрде көрсетілуі керектігін баса айтты. Жұмыспен қамту, қайта оқыту, әлеуметтік бейімдеу де күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Ауқымды дерек және әлеуметтік диагностика:
Түркістан облысында 507 мыңнан астам отбасы тіркелген болса, олардың 127 мыңнан астамы (25,1%) әлеуметтік осал санатқа жатқызылады. Бұл – өңір халқының төрттен біріне жуық бөлігі. Алайда 2024 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 13,4%-ға төмендеп, 19 мыңнан астам отбасы қиын жағдайдан шыққаны тіркелді.

Орталықтардың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйе арқылы отбасылардың әлеуметтік деңгейін анықтау жұмысы жолға қойылған. Бұл бағытта өңірде жұмыс істейтін мобильдік топтар арқылы нақты деректер жинақталып, методикалық көмек көрсету шаралары іске асырылады.

Жаңа бастамалардың бірі – FSM Social мобильді қосымшасы. Бұл цифрлық платформа қиын жағдайдағы отбасыларды ерте кезеңде анықтауға, оларға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қосымшаны енгізу арқылы орталықтардың қызметі жаңа форматқа көшіп, тиімділігі арта түседі. Қазіргі таңда орталықтардың толықтай тіркеу жұмыстары жалғасуда.

Орталықтардың негізгі қызметтері мен болашағы:
Отбасын қолдау орталықтарының негізгі міндеттері:

— неке мен отбасылық қатынастарды нығайту;

— отбасылық құндылықтарды дәріптеу;

— тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;

— гендерлік саясатты насихаттау;

— қиын жағдайға тап болған отбасылармен жекелей жұмыс жүргізу;

— ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру қызметін көрсету.

Бүгінгі таңда бұл орталықтар психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер, медиатор сынды кәсіби мамандармен толықтырылып келеді. Сонымен қатар, жеке ғимаратпен қамту, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, интернет желісіне қосылу сынды инфрақұрылымдық мәселелер де жүйелі түрде шешілуде.

Жиын барысында барлық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативтерге сәйкестендіру, жергілікті жерлерде нақты деректерге сүйене отырып, кешенді жоспарлар әзірлеу, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру сынды нақты тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы әкімдігі отбасы институтын нығайту, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, гендерлік және отбасылық саясатты жүйелі жүргізу бағытында кешенді жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік нысандардың санын арттырып қана қоймай, олардың сапалы әрі кәсіби жұмыс істеуіне басымдық беріліп отыр. Бұл бастама тек Түркістан өңірінің емес, тұтас Қазақстанның әлеуметтік тұрақтылығына үлес қосатын маңызды қадам.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

09.06.2025
Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

В Шымкенте в этом году 260 людям будет предоставлен безвозвратный грант

09.06.2025
Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

09.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған