• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 30 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері  жөнінде семинар өтті

28.05.2025
in Басты ақпарат
Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері  жөнінде семинар өтті

Мемлекет Басшысының мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен  «Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан қаласының Дизайн-коды түсіндірілді

Түркістан қаласының Дизайн-коды түсіндірілді

29.05.2025
ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 

ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 

28.05.2025
«Turan» спорт кешенінің жұмысымен танысты

«Turan» спорт кешенінің жұмысымен танысты

28.05.2025

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің мәдениет сарайында өткен семинарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Шолпан Айтенова, Сөз сөйлеу өнерінің сарапшы маманы, кәсіби ментор Гүлжанат Битанова,  М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сакен Мажинбеков, облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, аудан, қалалық мәслихат аппарат басшылары, облысымыздың ішкі саясат және жастар орталықтарының басшылары қатысты.

Тарихи, мемлекеттік және идеялық мәні бар шараны Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізіп отырды.

Семинардың ашылуында «Облыстық мәслихат – халық таңдаған халықтық орган» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, алғы сөзде Түркістан  облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов семинардың маңыздылығын атап өтті.

«- Жалпы, бүгінгі семинар мәслихаттардың қоғамдағы рөлі мен депутаттардың біліктілігін арттыру  мәселелеріне арналып отыр. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында мәслихаттардың аймақтардағы экономикалық саясатқа ықпалын және депутаттардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты, мәслихаттардың жаңа кезеңдегі басымдықтарына жан-жақты әрі тереңірек тоқталу үшін семинарға арнайы сарапшыларды шақырттық. Соңғы бірнеше жылда Президенттің бастамасымен мәслихаттардың жауапкершілігі мен құзыреттілігі  Заң аясында күшейтілді. VIII шақырылымдағы мәслихаттар жұмысын жаңаша құрамда, жаңаша форматта бастады. Конституциялық реформадан кейінгі аралас сайлау жүйесімен сайланған халық қалаулыларына үлкен мүмкіндіктер беріліп, мәслихаттардың саяси құзыреті кеңейді.

Мәселен, мәслихат төрағасы деген лауазым енгізілді, облыс әкімдерін мәслихаттардың қатысуымен тағайындау тәртібі өзгерді. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдерін сайлау жүйесі де реформаланды. Соның нәтижесінде, облыс әкімін тағайындауға дауыс беру арқылы келісім бердік.

2023 жылы пилоттық режимде әкімдердің тікелей сайлауы өтетін аудан, қалаларды белгіледік. Соған сәйкес, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкімдер сайлауы өтті.

Әрине, мәслихат депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілген сайын жауапкершіліктің де артатыны сөзсіз. Оны халық қалаулылары жақсы түсінеді», — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары белсенді жұмыс жасап, өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап жатқандығын айтты. Депутаттар жыл сайын аудан, қала тұрғындармен есепті кездесулер өткізіп, бүгінде халықты толғандыратын 178 мәселе мәслихат бақылауына енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

« — Сонымен қатар, депутаттар уран өндіретін компаниялардан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция көлемінен төлейтін төлемдерді 2 пайызға көтеруіне қол жеткізді. Сондай-ақ, депутаттар шетелдік инвесторлардың келуіне қарсы болған Арыс қаласы мен Отырар ауданы тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңірге инвестиция тартуға үлес қосты.

Бүгінде шетелдік инвестор құны 200 млрд. астам теңгені құрайтын «Мақта өсіру және мақта-тоқыма кластерін құру» бойынша ірі жобаларды іске асыруда. Нәтижесінде 50 мың гектардан астам жер игеріліп, 10 зауыт салынып, 4 мыңнан астам жұмыс орындары ашылмақ.

Одан бөлек, депутаттар мақта терімі кезінде шаруалар тарапынан жыл сайын орын алатын наразылықтардың алдын алып, мақта егетін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы барлық мақта қабылдау пунктерінде тиісті жұмыстарды үйлестірді. Нәтижесінде соңғы екі жылда шаруалар тарапынан ешқандай наразылықтар орын алмады. Жалпы, бұл бағытта біз жұмысты одан әрі жалғастыра беретін боламыз», — деді облыстық мәслихаттың төрағасы.

Сонымен қатар, семинарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сатвалдиев Алишер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Айтенова Шолпан, Сөз сөйлеу өнерінің сарапшы маманы, Кәсіби ментор Битанова Гүльжанат,  М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сакен баяндама жасады.

Семинарда өте маңызды тақырыптар талқыланып, депутаттар тәжірибе алмасып, түрлі пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның да ортақ ісі екені айтылды.

Ширек ғасыр бұрын жергілікті өкілетті органның жасақталуы мемлекеттік құрылымдағы өзгерістердің бастамасы еді.

Бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттар халық пен билік арасын жалғап, өңірдің дамуына бағытталған істерді келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 338- мәслихат депутаттары бар. Оларға қойылатын басты талап – халықпен жұмыс істеуде атүстілік пен салғырттықтан арылу.

Мәслихат депутаты – бұл өз аймағының көзі, құлағы һәм тілі. Өңірді дамыту жоспарына келісім беру, әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті бекіту де депутаттардың құзырына кіреді.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық жағдайларға бейімделген PGS моделі: ҰКП-да шағын фермерлерді қолдайтын маңызды басқосу өтті

Ұлттық жағдайларға бейімделген PGS моделі: ҰКП-да шағын фермерлерді қолдайтын маңызды басқосу өтті

29.05.2025
«ҮЗДІК РОЛИК» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК РОЛИК» БАЙҚАУЫ

29.05.2025
«ҮЗДІК ПОСТ» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК ПОСТ» БАЙҚАУЫ

29.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған