Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық футбол федерациясының Президенті Нұралы Әбішов «Turan» спорт кешенінің жұмысымен танысты.
«Turan» спорт базасында 300 орынға дейін сыйымды жатын орын мен асханасы, конференция залы мен медкабинеттері, 10 футбол алаңы (4 көгалды және 1 жасанды үлкен футбол алаңдары, 1 пара-сортшыларға арналған футбол алаңы, 4 шағын футбол алаңы), жаттығу залы, спа-монша кешені бар.
Кешенде спорттық командалардың оқу-жаттығуына, конференциялар мен түрлі іс-шараларды өткізуге де өте ыңғайлы.
Спортшыларға қолайлы жағдай жасап, олардың қабілеттерін жан-жақты дамытуға, жасөспірімдердің футболмен шұғылдануына септігін тигізетін кешеннің мүмкіндіктерін Нұралы Әлмаханұлы жоғары бағалады.
Сонымен қатар, бұл күні облыстық футбол федерациясының Президенті «Тұран» футбол клубының басшылығымен және федерация өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарлар мен атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Түркістан облыстық мәслихаты