Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, ұлттың рухани қазынасын шәкірт бойына сіңіруші, ана тілінің абыройын асқақтатушы тұлға. Сондай ұстаздардың бірі — Ш.Уәлиханов атындағы № 18 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакияева Ақмарал Рысқұлбекқызы.
Қазіргі қоғамда білім берумен қатар, рухани тәрбие беру де маңызды. Жастардың бойына адамгершілік, имандылық, тәртіп пен ұлттық құндылықтарды сіңіру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы жолда YouTube арқылы рухани тақырыпта сабақ беретін мұғалімдер үлкен рөл атқарып отыр.
Қазіргі заман талабына сай еңбек етіп жүрген Ақмарал Рысқұлбекқызы – жай ғана ұстаз емес, рухани жетекші. Ол өз арнасында тек ақпарат қана емес, жүрекке жететін тәрбие, үлгі, өмірлік ақыл-кеңес ұсынады. Оның әрбір видеосабақтары – жаныңды тербетіп, санаңды оятатын сырлы әңгіме, шынайы тәлім. Ол ертегілерді, аңыз – әңгімелерді, Абайдың қара сөзін, Шәкәрімнің өсиетін, Әл-Фарабидің ілімін бүгінгі ұрпаққа түсінікті, әсерлі түрде жеткізеді.
YouTube мұғалімінің артықшылығы – оның қолжетімділігінде. Кез келген адам кез келген уақытта оның сабағын тыңдай алады. Оның дауысы ауылдағы шәкірттің де, қаладағы оқушының да жүрегіне жетуі мүмкін. Бұл – шынайы ұстаздың заманауи келбеті.
Ақмарал Рысқұлбекқызы Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы « Үздік ұстаз» номинация иегері. 2023 жылы «Абай шығармаларын интерпретациялау әдісі»авторлық бағдарламасының авторы болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хат», ҚР Оқу- ағарту министрлігі BILIM TВ Диплом жіне грамоталарымен марапатталған.
#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025