• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 1 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түлкібас кәсіпкерлерін алаңдатқан басты мәселелер: газ тапшылығы, субсидиялау, инфрақұрылым  

20.05.2025
in Басты ақпарат
Түлкібас кәсіпкерлерін алаңдатқан басты мәселелер: газ тапшылығы, субсидиялау, инфрақұрылым      

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов Түлкібас ауданының жергілікті кәсіпкерлеріне жеке қабылдау өткізіп, олар көтерген өзекті мәселелерді тыңдады. Кәсіп иелері субсидиялау, газ және электр энергиясының тарифтері, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, сондай-ақ несие алудағы қиындықтар жөнінде айтып, қолдау сұрады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, өңірлік кеңес мүшелері және кәсіпкерлер қатысты.

Нұралы Әбішов, Өңірлік кеңес төрағасы:

«Бүгінгі кездесуде байқалғаны — Түлкібас кәсіпкерлерінің жұмыс істеуге деген ынтасы жоғары. Бірақ жүйелі және әкімшілік кедергілер олардың дамуына тосқауыл болып отыр. Көтерілген әр мәселе хатталып, нақты шешім қабылдануы тиіс. Бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынады».

Кәсіпкерлердің мәселелері:

«Виола» ШҚ көл жағасында демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Алайда жолдың жоқтығы, автотұрақ пен жол белгілерінің болмауы кедергі келтіруде. Қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін сервитут шарты сақталып, әкімдік тарапынан қолдау қажет.

«RAFE COM» ШҚ 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салуды көздеп отыр. Ол үшін 8 гектар жердің нысаналы мақсатын жайылымнан өндірістік мақсатқа ауыстыру қажет.

«KazAgroVision» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайту үшін жеңілдетілген несие алуға жәрдем сұрады.

«Түлкібас жеміс-жидектері» АШӨК 2000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы мен 220 гектар алма бағына ие. Қазір жемістерді қайта өңдеу цехының құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта 0,5 гектар жер телімі сатып алынып, «Халық Банк» АҚ арқылы 350 млн теңге несие тартылып, құрал-жабдықтар алынған. Қазір монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сүт өнімдерін терең өңдеу бағытын дамыту жоспарланған. Жаңа жабдықтар алуға 400 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие қажет. Бұл ретте «Түркістан» ӘКК арқылы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

«Zhassem Беркинбеков» ЖШС алма бағы ұйымдастырылып, өңірдегі өнімдерді қабылдап, дайын алма шырынын тетрапакетке құю желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 500 млн теңге инвестиция қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие қарастыру сұралды. Жоба өңірлік ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу секторын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев:

«Кәсіпкерлер көтерген әрбір мәселе – біз үшін маңызды. Бұл ұсыныстар тиісті органдарға жеткізіліп, нақты нәтижеге қол жеткізуге күш саламыз. Бизнес өкілдері қордаланған түйткілдерді ашық айтып, бірге шешім табуға ұмтылуы – өзара сенімнің белгісі».

Кездесуде сондай-ақ Өңірлік кеңес туралы Үлгілік ережеге және кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестерін қалыптастыру мен делегаттарды сайлау қағидаларына енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Жиын соңында көтерілген барлық мәселе хатталып, жауапты органдарға жолданатын болды. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан әрбір жоба мен ұсыныс бақылауға алынып, шешімін табу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді. Кездесу жергілікті бизнестің дамуына серпін беріп, мемлекеттік құрылымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған