• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

20.05.2025
in Құқық-заң
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ НЫСАНДАРЫНА 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Елімізде сот жүйесінің ашықтығын және тиімділігін арттыру мақсатында түрлі реформалар жүзеге асырылып жатыр. Осы реформалардың аясында Қазақстан Республикасының Кассациялық Соты құрылды. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап дербес кассациялық соттар қызмет атқара бастайды.

Оқи отырыңыз...

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІЛДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Конституциялық соттың ерекшелігі 

18.05.2025
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025

Осыған орай «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңына 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда жаңа сот сатысы – кассциялық соттар енгізілді.

2023 жылы Президент республикада дербес кассациялық соттар жүйесін құру мәселесіне назар аударды. Бұл жаңалық барлық іс санаттарының кассациялық тәртіппен қайта қаралуына жол ашты.

Бұрын кассациялық саты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының құрамында болғандықтан, барлық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға мүмкіндік болмады. Себебі процестік заңдарда белгілі бір шектеулер бар болатын.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, кассациялық сот сатысы енді Жоғарғы Соттың құрамында болмайды, ол жеке орган ретінде жұмыс істейді. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа дербес кассациялық сот қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған шешімдерін қайта қарау құқығына ие болады.

Кассациялық саты жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайтын саты болып табылады.

Сот инстанциясы немесе сатысы – соттық істі қарау деңгейіне орай белгілі бір құзыреті бар өндірісінің сатысы. Сот сатылары бірінші сатыдағы соттар, апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сот сатыларынан тұрады.

Дербес кассациялық соттардың негізгі функцияларына мыналар жатады:

– сот шешімдерінің заңдылығын тексеру, яғни істі мәні бойынша қарамай, дәлелдемеллерге баға бермей, тек процестік және материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын тексереді;

– сот қателіктерін түзету, яғни кассациялық төменгі тұрған сот шешімінің қателігін анықтайды, оларды түзейді. Егер төменгі сатыдағы сот қателікке жол берсе, онда кассациялық сот аталған шешімді өзгертіп не күшін жояды;

Сонымен, елімізде дербес кассациялық соттардың пайда болуы қазіргі заманның қажеттілігіне жауап береді, сондай-ақ адам құқықтарын және ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық кепілі мен механизмі болып табылады. елміздегі біркелкі сот практикасын қалыптастырады.

Б.КАИПОВ,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.05.2025
Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

20.05.2025
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат      төрағаларымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат  төрағаларымен кездесті

20.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған