• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
in Құқық-заң
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толды.  Бұл адам тарихындағы ең қантөгісті, кескілескен соғыс болды. Ол жиырма миллионнан астам адамның өмірін алып кетті. Олардың қатарында біздің бақытымызға, тәуелсіздігімізге жол ашқан қазақстандықтар да болды.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

29.04.2025

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың ме­ре­кесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азат­­тық пен тәуелсіздіктің ны­шаны. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен ана­ларымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақтала­ды» деп атап көрсетті.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранды ұстанған елміз. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытыл­мас парағы болып қала бермек. Осы жеңіс жолында қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында шейіт болды. Елге оралған жауынгерлер еңбек майданында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі абыроймен орындады.

Тұтқиылдан дұшпан қарсы­лығына ұшыраған әрі жау күшінен әлдеқайда әлсіз әскеріміздің төрт жыл дегенде бес қаруын асынып, жеңіске жетуі – халқымыздың бойындағы осыбір асыл қасиет­тердің арқасы еді. Аттың құлағында ойнап, дала философиясымен ғұмыр кешкен ұлы даланың ұландары соғыс майданында да  намысты қолдан бермеді. Сол секілді оны небір алапат шайқаста дәлелдеп шықты да. Мысалы, соғыста ерлік көрсетіп, жау шебіне атой салған 500-ден аса қазақстандық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, олардың 96-сы өз ұлтымыздан болғанын есімізден қалай шығармақпыз. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметовалардың ерлігі ел есінде.

Қазақ – бауырмал халық. Соғыс кезінде сталиндік қуғын-сүргінге тап болған талай ұлт пен ұлысқа құшағын ашып, талайына пана болды. Жеңісті жақындатуда соғыс шебінде кескілескен ұрыс жүріп жатса, тылда да жанкешті еңбек майданы жүріп жатты. «Бәрі де Отан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен күні-түні аянбай жұмыс істеді. Қазақстан – көп ұлтқа құшағын ашқан ана болумен қатар, жауынгерлерді жеңіске жігер­лендіруде айтарлықтай рөл атқарды. Жыр алыбы – Жам­былдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін бүкіл Кеңес одағы жатқа айтты. Барлық радиолакацияда күніне бірнеше мәрте қайталанды. Қоршауда қалған ленинградтықтарға бұл өлеңнің рухани күш бергені сөзсіз.

Соғыс өрті шарпымаған, соғыс бұлты торламаған жер қалмады. Неміс басқыншылары мұздай қару­ланған. Әбден дайындықпен келген еді. Бірақ, кеңестік әскердің жанкешті ерлігінің арқасында жеңіске жеттік.

Жастар Жеңіс күнінің тек мерекелік шерумен немесе салтанатты іс-шарамен шектелмейтінін терең түсінуі қажет. Бұл – үлкен рухани тәрбие мен ұлттық сана қалыптастыратын күн. Жеңіс оңай келген жоқ. Әрбір отбасы соғыстың зардабын тартты. Мыңдаған боздақ майданнан оралмады, тылда қалған аналар мен балалар қиыншылыққа мойымай еңбек етті. Осының бәрі – елдің, жердің, болашақтың алдындағы жауапкершіліктің үлгісі.

Бұдан бөлек, жастар өз елінің тарихын біліп-өсуі қажет. Өйткені, өткенін білмеген – болашағын бағалай алмайды.

Бүгінгі жас ұрпақ Жеңіс күнін аға ұрпақтың Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігінің үлгісіндей әрқашан есте сақтайды. Ұлы Жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеп, халқымыздың өшпес ерлігіне құрмет көрсету – парызымыз!

Ғалым МЫҢБАТЫРОВ,

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған