Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар кәсіп иелерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлер өз жобаларын таныстырып, бизнесті дамытуда кездесіп отырған басты кедергілерді ортаға салды.
1. ЖК «Ештай Ерғанат Жұмағұлұлы»
Кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дамытуда. Қазіргі уақытта 10 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізу қажеттілігі туындап отыр. Қосымша қолдау арқылы жылыжайдың көлемін ұлғайтып, өнім көлемін арттыру көзделуде.
2. ЖК «Kairatov» (Қайрат Әбдуахит)
Көкөніс консервілеу бағытымен айналысатын кәсіпкер де 10 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуға мүдделі. Бұл қаражат цехты кеңейтуге және жаңа құрал-жабдықтар алуға бағытталмақ.
3. «Корпорация ERNUR» ЖШС
Құс шаруашылығын жүргізіп отырған кәсіпорынға инфрақұрылым – электр желісі, газ, су жүйесі сияқты базалық инженерлік желілер қажет.
4. «Рамирта» ЖШС
Кәсіпорын травертин тасын өндірумен және құрылыс материалдарын өңдеумен айналысады. Индустриалды аймақты қоршау және кәсіпорынға дейінгі жолдардағы жарықтандыруды қосу мәселелері көтерілді. Келешекте кәсіпорын қуаты ұлғаюы көзделіп отыр, осыған байланысты электр энергиясын тұтыну көлеміде ұлғаяды.
Кәсіпкерлер палатасы өкілдері барлық айтылған мәселелерді тіркеп, жауапты органдарға жеткізуге және кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.