• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ 

06.05.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ 

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады. Бұл бастама өңірдегі балалардемалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл — орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар — қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

 

Атап айтқанда, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда жатын орындармен қатар, санитарлық тораптар мен асханалар да дайындалуда.

 

Бұл маңызды жобаны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тікелей бақылауға алып, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды жүктеді. Ал облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, лагерьлердің маусымға дайындығын пысықтады. Ол әсіресе қауіпсіздік, санитарлық тазалық және тәрбиешілердің біліктілігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Мұнда терезелер мен есіктер жаңартылып, ішкі әжетханалар орнатылып, ғимаратқа сырлау және әктеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31  жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтылады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, сонымен қатар тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай лагерьлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балалары  жазғы сауықтыру кезеңі басталады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

06.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

06.10.2025
Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

Қайнарбұлақта жалпықалалық сенбілік өтті

05.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған