Өзбекстан Республикасының Ханабад қаласында гір спортынан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен білекті жігіттер қатысқан бесекеде шардаралық спортшылар үздіктер қатарынан көрініп, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі.
Атап айтар болсақ, жұлқа көтеру бойынша жас жеткіншектер арасында өткен сайыста 53 келіде сынға түскен Бекболат Амандық жалғыз күмісті қоржынға салды. Сондай-ақ, 58 келіде өнер көрсеткен Бекболат Жарылқап қоланы қанағат тұтты. Ұзын цикл сайысында жасөспірімдер арасындағы бәсекелерде 58 келіде ел намысын қорғаған Қуаныш Тастан, 63 келіде Еркебұлан Келдібаев, 68 келіде Ілияс Бахыт үздік үштік қатарынан көрінді. Сонымен қатар, жас жеткіншектер сынында 63 келідегі спортшымыз Ернұр Нұрлыбай да қола медальға қол жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі