• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкерлер палатасында жеке сот орындаушылар іс-әрекетінің заңдылығын сақтау мәселесі талқыланды

30.04.2025
in Басты ақпарат
Кәсіпкерлер палатасында жеке сот орындаушылар іс-әрекетінің заңдылығын сақтау мәселесі талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың модераторлығымен өткен жиынға Кеңес мүшелері, қалалық прокуратураның, бақылау-қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар Әділет департаментінің, Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының басшылары қатысты.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Кеңестің күн тәртібінде алдымен прокуратура тарапынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат айтылды. Бұл тақырып бойынша Шымкент қалалық прокуратураның басқарма бастығы Бақытжан Байғозиев баяндама жасады.

«Прокуратура органдары кәсіпкерлерді негізсіз тексерулер мен қудалаудан қорғауды басты міндеттердің бірі деп белгілеген. Бұл бағытта тиісті жұмыс атқарылуда. Мысалы, биылдың өзінде прокурорлар 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. 281 әкімшілік өндіріс тоқтатылып, кәсіпкероер 21 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды. Осы жағдайлар бойынша 12 тұлға – тәртіптік, 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қоса, биыл инвесторларға қатысты 8 өзекті мәселе шешіліп, 50 инвестордың құқығы қорғалды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және баста да мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде қала аумағында инвестициялық жағдай тұрақты», – деді Бақытжан Байғозиев.

Жиындағы күн тәртібінің екінші тақырыбы бойынша жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мәселесі қаралды. Бұл тақырып бойынша Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Майя Исаева баяндама жасады.

«Шымкент қаласының өңірлік жеке сот орындаушылар палатасынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін 153 жеке сот орындаушысына қатысты 304 тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде 130 ескерту, 112 сөгіс, 62 қатаң сөгіс берілген. Алты жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды. Бұл тұста жеке сот орындауының басты проблемалары мыналар:

* сот орындаушылықты коммерцияландыру;

* өкілеттікті асыра пайдалану;

* уақтылы хабарламау;

* өндіріп алу сомасынан асатын ауыртпалық;

* шетелге шығуға тыйым салу;

* жеке сот орындаушыларының кәсібилігі мен құзыреттілігінің жеткіліксіз деңгейі.

Айта кетейік, 21 сәуірде жеке сот орындаушыларына қатысты Үкімет отырысы өтті, онда «Атамекен» ҰКП заңсыз әрекеттері бизнеске жағымсыз салдарға әкеп соғатын жеке сот орындаушылардың қызметіне қатысты өз ұстанымы мен ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда:

* Өндіріп алушының талаптары мен уәкілетті органның мәжбүрлеп орындау шаралары көлемінің арақатынасы қағидатын сақтау;

* Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңға тиісті хабарлама жіберу мерзімін белгілей отырып өзгерістер енгізу (10-2-бабы);

* Сот орындаушысының өндіріп алушы мен борышкерге дауды (жанжалды) медиация тәртібімен немесе басқа да татуластыру рәсімдерін қолдана отырып реттеу құқығын түсіндіру жөніндегі міндетін белгілеу», – деді Майя Исаева.

Бұл мәселе бойынша Шымкент қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков жауап берді.

«Мұндай өзекті мәселелерден хабардармыз. 23 сәуір күні ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Шымкент қаласында болды. Сол жиында да барлық жеке сот орындаушылармен кездесіп, кемшіліктердің алдын алу, заң тәртібін сақтау бойынша нұсқаулық берілді. Сонымен қатар сот орындаушылармен жеке жұмыс істелуде. Әділет департаментте 2024 жылы бұл сала бойынша 25 мыңға жуық арыз қаралды. Мемлекеттік сот орындаушыларда мыңға жуық іс болса, 2024 жылы жалпы 650 мың іс өндірілген. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің заңды құқығын сақтау бойынша прокуратурамен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жеке сот орындаушылармен әр тоқсан сайын жиналыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған қоса департамент басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда. Былтыр 400-ден астам азамат қабылдауға қатысты», – деді Мейіржан Исабеков.

 

Ал борышының құнын жабатын кепілдік мүлкі бұғатталған кәсіпкерлердің шетелге шығуына тыйым салу туралы мәселеге Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы жетекшісінің орынбасары Әсем Есімова борышкерге сот актісін мәжбүрлеп орындату мәселесі еліміздің заңнамасында нақты көрсетілгенін жеткізді.

 

Кеңес отырысында, сонымен қатар, мәжбүрлеп орындату өндірісінде кездесетін түрлі жағдайлар көтеріліп, жеке-жеке талқыланды, проблемалық мәселелер айтылды.

 

Кеңес қорытындысында Әділет департаментіне, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына атқарушылық іс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту, жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету, ал Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасына бизнес қауымдастықтың проблемалық мәселелерін тиімді шешу аясында Әділет департаментімен және жеке сот орындаушылар палатасымен өзара серіктестік туралы келісімдер жасасу мәселесін қарау ұсынылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік  50 маман тәлімгер атанды

Шымкенттік 50 маман тәлімгер атанды

04.07.2025
«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған