• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 29 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
in Құқық-заң
Соттағы бітімгершілік

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде татуласу рәсімдері, дауды бітімгершілік, медиация немесе партисипативтік рәсімдер арқылы шешу кеңінен қарастырылған. Татуласу рәсімдері тараптарды бітімгершілікке шақырып, дауды татуласу келісіммен шешуге, сондай-ақ туындаған дауға байланысты уақыт пен қаржыны үнемдеуге бағытталған. Бұл рәсімдердің жасалуы, бекітілуі және орындалуының ерекшеліктері Азаматтық процестік кодексте нақты көрсетілген.

Оқи отырыңыз...

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

24.06.2025

2022 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер нәтижесінде сотқа дейінгі хаттама ұғымы пайда болды. Азаматтық процестік кодексінің 150-бабының талаптарына сәйкес, судья талап арызды қабылдау туралы мәселені талап арыз келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешеді. Татуласу рәсімдері жүргізілген жағдайда, талап арызды қабылдау он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әзірленген жағдайда, талап қоюды қабылдау оның келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде судья талап қоюды қабылдау барысында осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген қағидаларды қолданады. Судья бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне талап қоюды қабылдаған кезде, сот ісін жүргізу тілін көрсете отырып, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Татуластырушы судья тек талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралатын талаптарды қабылдауы тиіс. Ол сот өндірісіне ұсынылатын талаптарды мұқият тексеріп, соттың қарауына жатпайтын талаптарды уақытында қайтарып немесе қабылдаудан бас тартуы қажет.

Яғни, татуластырушы судьяның негізгі мақсаты – тараптардың арасындағы қарым-қатынасты сақтау, оларды татуластыру үшін шаралар қабылдау және дауды процестің барлық кезеңдерінде реттеуде көмек көрсету болып табылады.

Судья тараптарды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен немесе жалпы тәртіппен қаралатын талап қоюлар бойынша шақыру қағазымен, сотқа дейінгі хаттама нысанымен бірге хабардар етуі тиіс. Шақыру талап қою түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей тараптарға жіберілуі керек. Шақыруда тараптарға татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) аясында дауды шешу құқығы, сотқа талап қоюдың түскені, татуласудың артықшылықтары, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы ақпарат беріледі. Бұл ретте бірнеше рет әңгімелесулер өткізу мүмкін, татуласу рәсімі үшін – 10 жұмыс күні, сотқа дейінгі хаттама жасалған кезде – 15 жұмыс күні ішінде әңгімелесу күні белгіленуі тиіс.

Егер судья тараптардың татуласқандығы жөнінде өтініш алса, азаматтық іс қозғау және істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым қабылдауы керек, сонымен қатар тараптарды сотқа дейінгі хаттаманы және басқа да құжаттарды ұсынуға міндеттеуі тиіс. Осындай әрекеттер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен іс қозғау туралы ұйғарым қабылдағанда да жүзеге асырылуы қажет.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен келісімді бекіту туралы ұйғарым қабылданған кезде, алдын ала сот отырысы тағайындалмайды және сот отырысы өткізілмейді. Егер тараптар 10 жұмыс күн ішінде татуласу рәсіміне қатысудан бас тартса немесе келмесе, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттаманы жасамаса, судья талап қоюды сот кеңсесіне қайта бөлу үшін шаралар қабылдауы қажет. Егер 15 жұмыс күн ішінде сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар талаптарды орындамаса және татуласу рәсімі нәтижесіз болса, судья да талап қоюды сот кеңсесіне қайта бөлу үшін әрекет етуі тиіс.

Татуласу рәсімдері өткізілген жағдайда немесе татуластырушы судьядан талап қою өзіне бөлінген судьяға берілсе, ол талап қоюды қайтару немесе қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым қабылдай алмайды. Судьяның талап қоюды қайтару немесе қабылдаудан бас тарту әрекеті мерзім бұзушылық болып саналады. Талап қою міндетті түрде өндірісіне қабылдануы тиіс, ал заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іс өндірістен тоқтатылады немесе талап қою қараусыз қалдырылады.

Азаматтық процестік кодексінде дауды келісім мен бейбіт жолмен шешуге, тараптардың татуласуына, сондай-ақ дауды татуласу келісімі, медиация немесе партисипативтік рәсімдер арқылы реттеуге толық мүмкіндік берілген, және дауласқан тарапқа бұл рәсімдердің артықшылықтары нақты көрсетілген.

Ж.ТУЛЕНОВА,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

28.06.2025
ALUTECH: ҚАЗАҚСТАННАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА

ALUTECH: ҚАЗАҚСТАННАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА

28.06.2025
🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

28.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған