• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 8 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот жүйесіндегі тіл мәселесі

25.04.2025
in Құқық-заң
Сот жүйесіндегі тіл мәселесі

Елдің негізгі көзі – халық. Тарихи тұрғыдан алғанда, кез келген мемлекет, әдетте, ұлттық мемлекет ретінде қалыптасады. Оның құрылтайшысы және әлеуметтік негізі бір этникалық топ болып табылады. Бұл тарихи және азаматтық тәжірибеде дәлелденген. Яғни, ел болған жерде мемлекеттік тіл болуы тиіс. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне ерекше назар аударылып келеді.

Оқи отырыңыз...

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

04.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

02.09.2025

ҚР Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі ретінде анықталған. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4-бабында да осыған ұқсас норма белгіленген. Мемлекеттік тіл – бұл мемлекет аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында, соның ішінде мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу үшін қолданылатын тіл.

Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан құқықтық актілер қабылданып, оны кешенді жүзеге асыруға арналған бағдарламалар мен түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, тіл мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадамдар.

Мұндай құжаттардың бірі – 2019 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Бағдарламаның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз етіп, жаңа латын графикасына негізделген әліпбиді енгізу, тіл мәдениетін арттыру және Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Қазіргі таңда сот жүйесінде іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жасалатын құжаттар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңестер мен семинар сабақтарының хаттамалары, сондай-ақ жоғары сатыдағы соттармен және басқа мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін хат алмасулар тек қазақ тілінде жүзеге асырылады.

Сот саласында сот ісін жүргізу тілін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында егжей-тегжейлі баяндалған. Сондай-ақ, сот практикасына сүйене отырып, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсететін адвокаттар мен заңгерлер көбінесе талап арыздарды орыс тілінде дайындайтыны байқалады. Сотқа келген азаматтардың кейде сот процесі барысында орыс тілінде өз ойын еркін жеткізе алмай жататын жағдайлары да кездеседі. АПК-нің 14-бабының 2-бөлігінде, егер бірінші сатыдағы сотта істі қарауға дайындық кезінде талап қоюшының өкілі талап арызды берген тілін білмейтіні анықталса, сот талап қоюшының жазбаша өтінішіне сәйкес сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы шешім шығаратыны көрсетілген. Заңның бұл талабын талап қоюшыға түсіндірсе де, көптеген азаматтар өз құқықтарын пайдаланбайды. Сондықтан, кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгерлер сотқа ұсынылатын арызды талап қоюшының өзі жақсы меңгерген тілде дайындағанын қалайды. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, арыз берілген тілде істі қарау соттың міндеті болып табылады.

Ердос СЛАМБЕКОВ,

Түркістан облысы,

, Мақтаарал аудандық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

06.09.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

06.09.2025
Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

06.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған