• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шетел тілін үйренуге ешқандай курсқа барған емеспін – Гарвард университетінің грант иегері

20.04.2025
in Басты ақпарат
Шетел тілін үйренуге ешқандай курсқа барған емеспін – Гарвард университетінің грант иегері

АСТАНА. KAZINFORM – Жуырда алматылық оқушы Арман Сабыржан әлемнің ең беделді оқу орны – Гарвард университетінің білім грантын жеңіп алды. Қазір жетекші университеттен шақырту алған ол сапарға дайындық үстінде. Орайы келгенде талантты жаспен тілдесіп, шетелдік ЖОО-ға түсудің мән-жайын талқыладық.

Оқи отырыңыз...

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025
Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

08.08.2025
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

08.08.2025

 

Фото: Арман Сабыржанның жеке мұрағатынан
– Арман, Гарвард университетінің білім грантын иеленген санаулы қазақтың қатарына ендіңіз. Бұл мүмкіндікке қалай қол жеткіздіңіз?

– Мұның барлығы табанды ізденістің нәтижесі екені даусыз. 4 жыл бұрын жекеменшік мектепте толық грант негізінде білім алуға жол ашылды. Содан бері робототехника саласында халықаралық жобаларға қатысып, жарыстарда топ жардым. Ынта-жігерімді байқаған ұстаздарым робототехника бағытындағы бастамаларыма демеу көрсетіп, кәсіби дамуға жан-жақты көмек көрсетті.

Білім жанашырларының арқасында Гарвард университетінің жазғы мектебіне қатысуға қаржылық қолдау алдым. Сонымен қатар британдық мұғалімдердің жетекшілігімен эссе жазу дағдымды дамыттым. Осы арқылы шетелде оқу жолым жеңілдеді.

– 11 сынып оқушысы екенсіз. ҰБТ-ға дайындық шетелдік оқу орындарына түсу әзірлігіне кедергі келтірмеді ме?

– ҰБТ-ға дайындық пен АҚШ-қа оқуға түсуге дайындық жүйесі мүлде екі түрлі бағыт. ҰБТ отандық форматқа негізделсе, АҚШ-тың қабылдау процесі үміткердің тұлғалық қасиетіне, сыни ойлауына, тілдік сауатына және академиялық әлеуетіне ерекше мән береді. Әуелден шетелге оқуға түсу мақсатқа айналғандықтан, маған екінші бағыт маңызды еді. Оның үстіне мектепте алған білімім ҰБТ-ны сәтті тапсыруға жеткілікті деп санаймын.

Ал АҚШ-тағы оқуға қабылдау процесі өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бұл жолда тек отандық емтихан нәтижесі жеткіліксіз. Сондықтан аптасына 15 сағатымды SAT халықаралық емтиханы мен эссе жазуға арнадым. Жобаларым туралы ақпаратты жинақтап, қосымша құжаттарды мұқият әзірледім. Нәтижесінде сынақтан сүрінбей өту бақыты бұйырды. Жан-жақты дайындықсыз жоғары нәтижеге қол жеткізу қиын болар еді.

– Шетелде оқудың басты қағидасы – ағылшын тілін меңгеру. Бұл ережені қалай еңсердіңіз?

– Мен шетел тілін үйренуде ешқандай арнайы курсқа немесе қосымша дайындық орталығына барған емеспін. Ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығым бала күнде басталды. Анам әрдайым «ағылшын тілін үйрен» деп айтып отыратын, сол себепті бастапқыда ғаламтор арқылы өз бетімше үйрене бастадым.

Кейін Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке қабылданғаннан кейін ағылшын тілі деңгейім көтерілді. Бұл жолда ерекше әсер еткен ұстазым – Эрик Онищенко. Сабақтарының мазмұны, әдістемесі, талап қоюы мен мотивациясы IELTS емтиханынан 7.5 ұпай жинауға себеп болды. Бұл нәтиже мұғалімімнің еңбегі деп толық айта аламын.

– Шетелдік университетке түсу үшін міндетті түрде жоғары тілдік деңгей қажет пе?

– Шетелдік университетте тілдік дағды басты критерий емес, ол тек базалық талаптың бірі ретінде қарастырылады. Мәселен, Гарвард секілді университеттер IELTS немесе TOEFL сертификаттарын міндетті түрде сұрайды.

Алайда ағылшын тілін білу артықшылық емес, тек «құжат бар» деген ақпарат деңгейінде қабылданады. Университет бар болғаны үміткердің ағылшын тілінде білім ала алатына көз жеткізгісі келеді. Шетелдік оқу орындары үміткердің тек тілді меңгеру деңгейін емес, оның ойлау қабілетін, жазу стилін, өмірлік ұстанымы мен жеке жетістігін қаперге алады.

– Шетелдік ЖОО-ға оқуға түсуді мақсат еткен болашақ мектеп түлектеріне қандай кеңес берер едіңіз?

– Әрбір үлкен жетістік кішкентай сенімнен басталатынын ұмытпаған жөн. Қиындықтар кездессе, мойымау шарт, өйткені әр сынақ шыңдайды. Өзіне сеніп, алға ұмтылған жан, алынбастай көрінген биікті бағындыратыны анық. Бастысы, арманға сене білу керек, ол міндетті түрде орындалады.

Келесі кезеңде жан-жақты дайындық пен үнемі ізденіс маңызды. Жаңаға ұмтылу, заман талабындағы дағдыларды меңгеру қажет деп білемін. Біліміңізге сенімді болсаңыз, бір университетпен шектелмей, бірнеше ЖОО-ға тапсырған дұрыс. Бұл оқуға түсу ықтималдығын арттырады.

https://kaz.inform.kz/news/shetel-tln-uyrenuge-eshkanday-kurska-bargan-emespn-garvard-universitetnn-grant-ieger-75381c/

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13.08.2025
Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

13.08.2025
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

13.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған