• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ел болашағы үшін жасалған жаңа қадамдар

18.04.2025
in Басты ақпарат
Ел болашағы үшін жасалған жаңа қадамдар

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңін белгілеп берді. Бұл шара маңызды шешімдерімен ерекшеленіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік әділеттілік және экономикадағы ашықтық мәселелеріне басты назар аударды. Президент өз сөзінде «Біз Ұлттық құрылтайдың отырыстарында әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық мәселелерге қатысты маңызды шешімдер қабылдап, ел дамуының өзге бағыттары бойынша негізгі басымдықтарды анықтаймыз», – деді. Аймақтардың экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу және өңірлер арасындағы теңсіздікті жою – мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда жастар мәселесі экономиканың дамуына серпін беретін фактор ретінде ерекше атап өтуге тұрарлық.

Оқи отырыңыз...

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025
Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

08.08.2025
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

08.08.2025

Еліміздің еңбек нарығын дамытуға арналған 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың 10 айлық нәтижелері бойынша жұмыс іздеуші жастардың саны 459-ды құрады. Олардың арасында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқандар мен тұрақты жұмыс тапқан жастар да бар. Жастар әлеуметтік-демографиялық және экономикалық дамуда, сондай-ақ елдің бәсекеге қабілетті ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 2024 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 22 маманға 8 млн 122 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлінді, ал 10 жас маманға 79 млн 378 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Бұл шаралар жастардың еңбекпен қамтылуын және кәсіпкерлігін әлеуметтік-экономикалық қолдауды көрсетеді. Президент Құрылтайда Үкімет әзірлеген жаңа салық реформасының маңыздылығына назар аударды. Бұл реформа әлеуметтік және экономикалық факторларды ескере отырып жүзеге асырылды, оның ішінде қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру ұсынылды. Мұндай шара көптеген елдерде қабылданған, ал Қазақстан үшін бюджет тұрақтылығы мен әділ салық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекет басшысы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға бағыттау қажеттігін атап өтті. Басым емес шығындарды қысқартып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, өңірлік әкімдіктердің қарамағындағы әлеуметтік салықтан түсетін қаражат нақты әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалуы тиіс. Президенттің айтуынша, соңғы үш жылда елге 2 трлн теңгеден астам заңсыз алынған активтер қайтарылды, бұл қаражат әлеуметтік нысандар салуға жұмсалатын болады. Көкшетауда салынып жатқан жаңа көпфункционалды спорт кешені – осы бағыттағы нақты жобалардың бірі. Құрылтай шешімдерінің өңірлерде жүзеге асырылуы да қуантады.

Мектепте өткен дөңгелек үстелдер барысында жастарға арналған қолдау бағдарламалары мен салық заңнамасындағы жаңалықтар таныстырылды. Сонымен қатар, «мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту» тақырыбында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелері талқыланды. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы ашықтықты арттырып, сенімді күшейтеді. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы нақты және тиімді әрекеттер елдің дамуындағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Құрылтай еліміздің даму стратегиясын айқындайтын маңызды саяси алаңға айналды. Қабылданған шешімдер мен бастамалар ел болашағы үшін жасалған жаңа қадамдар екені уақытпен дәлелденеді.

Зира МАМЫТОВА,

№60 жалпы орта мектебінің мұғалімі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13.08.2025
Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

13.08.2025
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

13.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған