• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ОНЫҢ ӘСЕРІ

04.04.2025
in Басты ақпарат
БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ОНЫҢ ӘСЕРІ

2022 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойды. 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қарызын төлей алмайтын азаматтар аталған Заң негізінде банкроттыққа өтініш бере бастады.

Оқи отырыңыз...

Ваучерная система: предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

14.08.2025
Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

14.08.2025
Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025

Банкроттық рәсімін кез келген адам жүзеге асыра алмайды, бұл туралы кейбіреулер біледі, ал кейбіреулер жоқ.

Заң жобасын әзірлеу барысында жеке тұлғалардың банкроттығы институты қалыптасқан елдердің тәжірибесі зерттеліп, қажетті нормалар алынған. Нәтижесінде, үш түрлі рәсім енгізілді: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитордың борышкерді банкрот деп жариялау туралы өтініш беру құқығы жоқ.

Егер жеке тұлғаның банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік алдындағы қарызы 1 600 АЕК-тен (2025 жылы – 6 млн 291 мың 200 теңге) аспайтын болса, онда соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылады. Сонымен қатар, төмендегі талаптар орындалуы қажет: Жеке тұлғаның меншігінде мүлік болмауы тиіс; Өтініш берген күнге дейін 12 ай бойы қарызын төлей алмаған болуы керек; өтініш берілген күнге дейін 7 жыл бойы банкроттық рәсімін пайдаланбаған болуы керек.

Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің осы түріне 5 жылдан астам уақыт бойы қарызын төлей алмаған жеке тұлғалар да жүгінуі мүмкін. Бұл жағдайда да жоғарыда аталған талаптар сақталуы тиіс.

Сот арқылы банкроттық қашан енгізіледі? Бұл рәсімді 1 600 АЕК-тен (2025 жылы – 6 млн 291 мың 200 теңге) асатын қарызы бар жеке тұлғалар пайдалана алады.

Соттық банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына мыналар кіреді: заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банкроттығын жүргізетін әкімшілер; кәсіби бухгалтерлер; заңгерлер-консультанттар; аудиторлар.

Қаржы басқарушыларының қызметі борышкердің мүлкі есебінен төленеді. Әлеуметтік осал топтағы, мүлкі жоқ азаматтарға қаржы басқарушылары тегін қызмет көрсетеді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қашан қолданылады? Тұрақты табысы бар және меншігіндегі мүлкінің құны оның барлық міндеттемелерінің мөлшерінен асып кету фактісі бар азаматтар бұл рәсімді пайдаланып, қарызын 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Сот барысында азаматтың жеке мүлкі мен кіріс шығыстары бақылауға алынады. Тағы бір маңызды мәселе – азаматтың жалғыз баспанасы сот процесінде сақтала ма? Егер баспана кепіл мүлкі ретінде қойылмаса, онда ол сақталады. Ал егер кепіл мүлкі ретінде тіркелсе, онда жалғыз баспана да сатылады. Сондықтан, азаматтарға банкроттық жариялауға асықпауын ұсынамын. Себебі қазіргі уақытта көптеген азаматтардың қарызы 500 мың теңгеге дейін. Бұл сома 5 жылға банкрот деп жариялауға негіз болмайды. Егер қаржылық жағдайыңыз жақсарып, табысыңыз артса немесе несие алуды жоспарласаңыз, 5 жыл ішінде банк кредиті алу мүмкіндігі болмайтынын ескеру қажет. Қазіргі уақытта кейбір адамдар несиені төлемей жүр. Бірақ бұл заң, шын мәнінде, қиын жағдайға тап болған, табысынан немесе асыраушысынан айырылған адамдар үшін үлкен көмек болып табылады.

Перизат САФАРБАЕВА,

Шымкент қаласының

азаматтық iстер жөніндегі

ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

17.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған