• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 16 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ 10 КҮН БОЙЫ АТАП ӨТІЛМЕК

12.03.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ 10 КҮН БОЙЫ АТАП ӨТІЛМЕК

Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр. 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Қайырымдылық» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

«14 наурыз — «Көрісу күні – амал мерекесі» күні Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Шәмші» аллеясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көрісу рәсімі өтеді. Аталған шарада қос өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, этнос өкілдері мен өнерпаздары кездесіп, көрісу күні орындалатын барлық рәсімдерді бірлесе атқаратын болады. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады.

Ал, 15 наурыз –«Қайырымдылық» күні ретінде аталып өтпек. Бұл күні аудан-қалаларда, ауылдарда жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтеді. Сондай-ақ, «Мейірім – жүректен, қайырым – білектен» облыстық шарасы аясында қоғамның осал топтарына, соғыс, еңбек ардагерлеріне, батыр аналарға арнайы сыйлықтар тапсырылады» — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 16 наурыз күні «Шаңырақ» атауымен аталып, барлық мектептерде, мектептен тыс мекемелерде концерттік бағдарламалар, сәндік-қолданбалы көрмелер, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету шаралары ұйымдастырылмақ. Ал, 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деген атаумен барлық мәдениет мекемелерінде ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртатын сахналық көріністер ұйымдастырылады. 18 наурыз — «Ұлттық киім күні» ретінде сағат 09:00-ден бастап Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім кию челленжін бастайды. Сонымен қатар, 19 наурыз «Жаңару күні» деп аталмақ. Бұл күні барлық өңірлерде тал көшеттерін егу жұмыстары ұйымдастырылады.

20 наурыз — «Ұлттық спорт» күнінде барлық өңірлердегі спорт кешендері мен атшабарларда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Ал, 21 наурыз «Қош келдің – Әз Наурыз!» деген атаумен Түркістан қаласындағы «Керуен» сарайы аумағында облыс әкімінің қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы күні қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен әнші Түркістан төрінде» концерттік бағдарламасымен қорытындыланатын болады. 22 наурыз «Жыл басы» күні Түркістан қаласы мен барлық аудан-қалалардағы орталық алаңдар мен саябақтарда көрмелер, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар мереке көркін қыздырады. Сондай-ақ, «Конгресс холл» кешенінде Республикалық ақындар айтысы, Түркістан музыкалық драма театрында 2 күн бойы «Вальс королі» қойылымы көрермен назарына ұсынылмақ. Ал 23 наурыз «Тазару» күні – облыс көлемінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, аудандар мен қалаларда тазалық жұмыстары жүргізілмек.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

Шымкентте «Global Tech Wave Central Asia» атты Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті

15.09.2025
В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

15.09.2025
Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

15.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған