• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

05.03.2025
in Құқық-заң
Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Қазақстан қоғамы мен мемлекетін жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыруды жалғастыру үшін ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді.
Осы Жоспардың 113-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң қабылдау міндеті қойылды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заңның басты мақсаты – азаматтардың қарыздық жүктемесін азайту, өнімді экономикалық қызметке оралу, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету және қарыздарды төлеуді ынталандыру болып табылады.
Бүгінде қазақстандықтар банкроттыққа өтінім беруге құқықты, бұл процесс онлайн және офлайн режимде жүзеге асырылады. Электронды қолтаңбасы бар азаматтар eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында да өтініш тапсыра алады. «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң аясында банкрот болып танылудың үш түрлі рәсімі белгіленген. Азаматтар осы рәсімдердің бірін, яғни соттан тыс, сот арқылы немесе төлем қабілетін қалпына келтіруді таңдай алады.
Бұл мәселеде назар аударатын жайт, алименттер мен басқа да зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша шығындар кешірілмейді. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін жеке тұлғалардың банктік қарыздары мен микрокредиттер бойынша талап ету құқықтарына ие арнайы қаржылық компанияларға қатысты қолдана алады. Басқа қарыз түрлері сот арқылы шешіледі.
Аталған рәсімдердің арасында төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызы ерекше. Соттан тыс және сот арқылы банкроттықтың өзіне тән салдары бар. Сондықтан тұрақты табысы бар азаматтар үшін банкроттықтан гөрі сот арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тиімдірек. Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің басты артықшылығы — «банкрот» мәртебесінің болмауы, сондай-ақ, шектеулер мен бақылаулардың жоқтығы.
Қолданыстағы заңға сәйкес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қарыздар бойынша мерзімді орындау міндеттемелеріне, тіпті мүлкі болмаған жағдайда да, қолданылады. Тек тұрақты табыс болуы шарт. Бұл рәсімнің талаптары сот банкроттығының талаптарына сәйкес келеді, яғни, азамат тұрғылықты жері бойынша сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы өтініш береді. Кредитормен борышты реттеу туралы құжаттарды ұсыну міндетті емес, себебі заңдағы соңғы өзгерістер қаржы ұйымдарына кредиттік бюроларға қосымша мәліметтер мен құжаттарды жіберуді міндеттеді.
Борышкердің мүлкі қаржы басқарушысы тарапынан бағаланып, алынған қорытынды өтініштің мақұлдануына тікелей әсер етеді. Егер өтініш мақұлданса, сот қаржы басқарушысының бағалауын қабылдайды. Одан кейін қаржы басқарушысы мен борышкер бес жылдық төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлейді. Бұл жоспар борышкердің бес жыл ішінде берешегін жабуға көмектесетін болжамды кіріс көздерін қамтиды. Мысалы, борышкерге мүлкінің бір бөлігін сату немесе үш бөлмелі пәтерін бір-екі бөлмеге айырбастау қажет болуы мүмкін. Қарызды өтеу үшін барлық мүмкін шаралар қарастырылып, жоспарға енгізіледі. Мұндай шаралар борышкер мен кредитор үшін де тиімді әрі ыңғайлы болуы тиіс.
Қаржы басқарушысы мен борышкер жасаған жоспарға кредиторлар қажетті түзетулер енгізіп, келісімге келген жағдайда сот оны бекітеді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ банкроттық жағдайында кредиторлар борышкерге шағымдана алмайды. Олар тек жүргізіліп жатқан процедура барысында пайда болған міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер шетелге шығуға мүмкіндік алады. Заңмен белгіленген рәсімдер арасында қарыздан құтылудың ең тиімді тәсілі төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы бөліп төлеу болып табылады.
Э.БАКИРОВА,
Шымкент қаласының
азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

29.04.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған