• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ

04.03.2025
in Құқық-заң
КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ

Біздің елімізде соттардың қызметі «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі» туралы Конституциялық заң шеңберінде реттеледі. Бұл заң судьялардың жұмысын бағыттайтын негізгі құжат болып табылады. Жақында заңға жаңа өзгерістер енгізілді. Енді Астанада үш кассациялық соттың қызметі басталады, бұл халықтың сұранысына жауап береді.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

29.04.2025

Сот шешімдеріне көңілі толмай, Жоғары сотқа жолданған шағымдардың тек кейбірі ғана кассациялық алқаның қарауына жіберіліп, қалғандары сол шешіммен қалатынына азаматтар наразылық білдірген еді. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу үшін тиісті органдарға арнайы тапсырма берді.

Сот жұмысының сапасын арттыру қазіргі таңда мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қарастырылғандықтан, жеңілген тараптың реніш білдіруі заңды. Дегенмен, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбаға түсіру сияқты шаралар сот жұмысына деген наразылықты едәуір төмендетуге көмектесті.

Жоғарғы Сот бұл жетістікті тоқтатып қоймай, төрелікке деген сенімді нығайтуға бағытталған шараларды жан-жақты зерттеуде. Мысалы, биыл елімізде кассациялық сот құрылатын болады. Кассациялық соттарды ұйымдастыру мәселесі сот жүйесінде ғана емес, қоғамда да кеңінен талқыланды. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты құру жөніндегі тапсырмасынан кейін жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін арнайы кассациялық соттардың маңыздылығын атап өткен болатын.

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға және азаматтардың соттарға деген сенімін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, кассациялық сотты енгізу сот шығындарын азайтпай, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот инстанциясы құрылатын болады. Ең маңыздысы, бұл кассациялық орган толықтай дербес жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық санаттағы істер бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі жойылады. Бұған дейін істер бір судьяның шешімімен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі, бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды наразылығын туғызды. Адвокаттар қауымы да барлық санаттағы істерді қарау кезінде тараптардың міндетті түрде қатысуы және істі алқалы құрамда жүргізу қажеттігін атап өтуде.

Бұл жаңа реформаның негізгі мақсаты – әрбір сот сатысының тиімділігін арттыру. Сот төрелігінің сапасы мен азаматтардың сотқа деген сенімі сот сатыларының тиімді жұмыс істеуіне тікелей байланысты. 2025 жылдың 1 шілдесінде кассациялық соттардың енгізілуімен кассациялық өтініштерді алдын ала қарау тәртібі жойылады. Осылайша, шілде айынан бастап кассациялық сатыдағы істер тараптарды шақыра отырып, ауызша сот процесінде кемінде үш судьяның қатысуымен қаралатын болады.

Гүлмира СЕБАЕВА,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты

әкімшісінің басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған