• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 24 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Бизнес қауымдастығымен Кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесу өткізді

04.03.2025
in Басты ақпарат
Бизнес қауымдастығымен Кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесу өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Түркістан облысының бизнес қауымдастығымен Кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесу өткізді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.08.2025
Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

21.08.2025
Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

21.08.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен кездесу өткізіп, кәсіпкерлік субъектілердің проблемалық мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізді.

Кездесудің алғашқы бөлігі «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға арналды.
Бұл ретте, Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2024 жылы жүргізілген шаралары жөнінде және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы сонымен қатар, бизнесті қорғауға бағытталған бастамалар, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде баяндама жасады.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаев 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Кездесудің бағдарламасына сай, мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттері/әрекетсіздігі салдарынан кәсіпкерліктерінде орын алған кедергілер бойынша келесі кәсіпкерлер өздерінің проблемалық мәселелерін жеткізді.
• Жеке кәсіпкер Муслима Рахимжанова – Арыс қаласы әкімдігінің сәулет және құрылыс бөлімі ғимаратқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартқан.
• Жеке кәсіпкер Музаппар Шаймерденов – жер учаскесіндегі тікұшақ алаңы құрылысына қатысты мәселе.
• «The Ost Group» ЖШС басшысы Таймас Камалович Тұрсынбаев – «Vivood tau» демалыс аймағына баратын жолды жөндеу қажеттігі.
• Жеке кәсіпкер Сапар Баратов – Шардара қаласындағы моншаның заңсыз түрде су желісінен ажыратылуы.
• «Turkistan Bolashaq» басшысы Шолпан Бегалиева – жекеменшік мектептер алдындағы «Қаржы орталығы» АҚ-ның берешегі.
• «Согдиана» балабақшасының басшысы Дильдар Хабибова – жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда Face-ID жүйесін енгізудің заңдылығы.
• «Нұрболат» ӨК басшысы Жанболат Мелдешов – Денсаулық сақтау басқармасының кәсіпкерлікке кедергі келтіруі.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша отырысқа қатысушылардың пікірлері мен отырыс төрағаларының ұсыныстары негізінде мемлекеттік органдарға хаттамалық ұсыныс енгізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевпен ай сайын Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен кездесіп, олардың проблемалық мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізетінін атап өтті.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

23.08.2025
Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

23.08.2025
Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

23.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған