• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 24 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕКТІ

01.03.2025
in Басты ақпарат
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕКТІ

Түркістан облысының барлық аймақтарында жаппай көктемгі ағаш егу дәстүрі басталды. Көктемнің алғашқы күнінде түркістандықтар Бекзат шағынауданындағы саябақты көшетпен көмкерді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы аясында өткен шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілер, студенттер, мәдениет пен әлеуметтік саланың өкілдері, қаланы көгалдандыруға жауапты мекеме қызметкерлері қатысты.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.08.2025
Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

21.08.2025
Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

21.08.2025

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жұртшылықпен бірге ағаш көшеттерін егіп, Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының мәні зор екенін айтты. Биыл да жылдағы үрдіспен көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

– Баршаңызды Алғыс айту күнімен және қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Өңірімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Гүл көктемнің алғашқы күнін экологиялық акциямен бастап отырмыз. Әр тұрғын өз үйін, ауласын, көшесін таза ұстаза, қоғам да тазарады. Сондықтан аға буын өкілдері де жастарға осы бағытта ақыл-кеңес беріп, қоршаған ортаны бірге қорғауымыз керек. Тұрғындармен кездесуде облыс басшылығына «Бекзат» секторында саябақ салынса деген өтініш айтылған. Сол саябақты жайқалту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясына баршамыз үлес қосайық, – деген Нұралхан Көшеров ел ағалары мен ардақты әжелерінің, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Экологиялық акция барысында Түркістан топырағына төзімді көшеттер егіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Тұрғындар көтеріңкі көңіл-күйде атсалысып, игі іске үлес қосты. Жалпы, 1 наурыздағы көгалдандыру және тазалық акциясында Түркістан қаласында 1500-ден астам адам қатысып, 5 мыңнан аса көшет егілді. Олардың басым бөлігі – терек, қарағаш және үйеңкі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

23.08.2025
Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

23.08.2025
Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

23.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған