• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 25 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

САЙРАМДА СҮТ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІРІМШІКТІҢ 13 ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

21.02.2025
in Басты ақпарат
САЙРАМДА СҮТ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІРІМШІКТІҢ 13 ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Бүгін Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Қайнарбұлақ ауыл округі, Таскешу ауылындағы «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-ң банан өсіретін жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Бүгінде компания 5,3 га жерге жылыжай салып, банан өсіруде. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі деп күтілуде. Заманауи жылыжай жылына шамамен 1000 тонна банан өнімін береді. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Барлық құрал-жабдықтар Түркия елінен әкелінген. Қазіргі таңда банан өнімдері ішкі нарықта сатылымда. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни мұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ:ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.08.2025
Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

Кәсіпкердің құқығын қорғау: Палата араласқан іс заң аясында шешілмек

21.08.2025
Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

21.08.2025

БАҚ өкілдері кейін Қарасу ауылындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша «Аят-Агро» АШӨК-нің өсімдік өнімдерін қайта өңдеу цехы жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Ибрахым Саражов 29,5 млн теңге несие алып, жеміс өңдеу цехына қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Бүгінде 30 адам жұмыспен қамтылып, түрлі жемістерден консерві өнімдерін дайындайды.

Сондай-ақ, журналистер Ақсукент ауылындағы «Айкан» ЖШС-ң сүт өңдеу зауытына барды. Аталған өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. Сексен адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түркиялық технологиямен ірімшіктің 13 түрі шығарылады. Бүгінде кәсіпорын сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттайды.

Тур аясында Манкент ауылындағы «Nurym Group» ЖШС-ң құрама жем зауыты мен мал бордақылау алаңының жұмысы таныстырылды. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауыт жылына 46 мың тонна құрама жем өндіреді. Зауытта 10 адам жұмыс істейді. Ал, құны 5,1 млрд теңгені құрайтын мал бордақылау алаңы жылына 10 мың тонна ет өндіреді. Онда 40 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдер ішкі нарық пен Өзбекстан еліне экспортталуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

23.08.2025
Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

23.08.2025
Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

23.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған