• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 25 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ТЕЛІМІНДЕ ЗАҢСЫЗ ОР ҚАЗҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

07.02.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЖЕР ТЕЛІМІНДЕ ЗАҢСЫЗ ОР ҚАЗҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Түркістан облысында 2023-2024 жылдар аралығында жер телімінде заңсыз ор қазған 17 азаматқа 1 651 875 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 1 614 955 теңгесі өндірілді. Одан бөлек, 36 920 теңге мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот орындаушыларға жіберілді. Сондай-ақ, заңбұзушылықты жою жөніндегі 17 нұсқама табысталды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Сапарбеков мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026

«Айта кету керек, шаруалар өз жерлеріне мал-жануарлар кірмеуі үшін жер заңнамасының талабын бұзып, белгіленген жер телімдерін айналдыра қазып тастайды. Қазіргі таңда осындай заңсыздыққа жол берген 6 азаматтың ісі сотта қаралуда. 2024 жылы 3 000 гектар жер заңсыз қазылған. Бұл жағдай облысымыздың 32 аймағында орын алып отыр. Облыс азаматтарына ескертетін жайт — заң жүзінде берілген жер телімін заңсыз пайдаланған адамдардың жерлері толықтай мемлекет меншігіне қайтарылады» — деді сала басшысы

Сондай-ақ «Tasbaqa» табиғатты қорғау қорының өкілі Ғани Назарбек заңсыз траншеялардың табиғатқа тигізер кері әсерлері туралы баяндады.

«Жалпы заңсыз траншеяларды қазу мәселесі облысымызда 2019 жылы басталған болатын. Көктем мезгілі басталуымен бүкіл аймақта табиғат оянатыны белгілі. Жеке тәжірибемде көптеген төрт түліктің қазылған орларға құлап мерт болғанын көрдім. Қазіргі таңда жер иелеріне өзіне тиесілі аумақты қазу арқылы емес, темір сымдармен қоршау арқылы қорғану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» — деді табиғат жанашыры

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

25.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

25.10.2026
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

25.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған