• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

06.02.2025
in Басты ақпарат
ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар — елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін бірқатар шараларды қабылдауда.

Солардың бірі, Президенттің Жарлығымен айқындалған Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мектеп пен жоғарғы оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын көздейді.

Онда, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл дегеніміз — оқушылардың мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ олардың қарім-қабілетін, білімі мен біліктілігін дамыту, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, мемлекеттік қызметтің қыр сырын түсіндіру.

Өз кезегінде, Департамент Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларына мемлекеттік қызмет саласында өткізілетін кездесу, форум, «Ашық есік күні»

іс-шараларына қатыстырып, бірлесе жұмыстар жүргізуде.

Бұдан басқа, Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттерінен құралған Департамент жанындағы «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің тыңдаушыларына бүгінгі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен негізгі жұмыс бағыттары түсіндірілуде.

Бұл — білімді жастардың дағдыларын дамыта отырып, оларды мемлекеттік қызметке тартудың бірден бір тәсілі.

Қазіргі уақытта, осы мектептің 10 тыңдаушысы орталық, облыстық және қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда. Яғни, кешегі студенттер бүгінгі мемлекеттік қызметтегі әріптесімізге айналып отыр.

Жалпы, білімге құштарлық әрқашан біздің халқымызға тән қасиет. Бүгінгі білімді жас – ертеңгі кәсіби білікті маман. Сондықтан, мемлекет білімді, талапты жастарға үлкен үміт артатыны анық.

Осы тұста, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізіліп, жастардың мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдеді.

Соның бірі, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын жақсы бағамен аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) бір жыл ішінде аудан, ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасуы.

Осы мүмкіндікті пайдаланып республикада — 442, облыста — 35 түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды.

Бұл өз кезегінде білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан, ауылдарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірге келген іссапарында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» — деп айтқан болатын.

Осы орайда, дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне араластыру мақсатында, Агенттік 2019, 2021, 2023 жылдары Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 400 адам резервке алынып, бүгінде оның

300-ден астамы мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторларда басшылық лауазымдарда қызмет етуде.

Сол сияқты, білімді жастардың пулын қалыптастыру бойынша 2024 жылы алғаш рет Өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Оған облысымызда ниет білдірген 600-ден астам адамдардың арасынан 30 адам резервшілер тізіміне ілікті.

Айта кету қажет, түрлі салаларда еңбек еткен резервшілерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу немесе мемлекеттік қызметте одан әрі ілгерілеу бойынша заңнамаларда ерекше мүмкіндіктер берілген.

Осы мүмкіндікті пайдаланған 9 резервші облыстық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда еңбек етуде.

Жалпы, кадр резервіне іріктеудің мақсаты — талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Қорыта келе, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылатындықтан, олар жаңа идеялармен, белсенділікпен ерекшеленеді және өздерінің күш-жігерін қоғамның дамуына арнауы тиіс. Сондықтан, жастардың әлеуетін дұрыс пайдалану арқылы қоғамды жақсартуға, болашаққа деген сенімді арттыруға болады.

Осы орайда, елдің дамуына әрбір жастың өз үлесін қосуы үшін,

жастарды мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырамын.

Абылайхан НАУРЫЗБАЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған