• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 29 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АҚШ USAID-ты неге таратпақ?

05.02.2025
in Басты ақпарат
АҚШ USAID-ты неге таратпақ?

Дональд Трамп АҚШ президенті лауазымына кіріскен сәтте сыртқы саясатта бірқатар өзгеріс орын алды. Әсіресе, мемлекет қаржыландыратын бағдарлама мен ұйымдарды сүзгіден өткізіп, ел мүддесіне кереғар құрылымды қайта жасақтауға көшкен. Кейінгі аптада әлемге әйгілі USAID агенттігі де билік тарапынан қатаң тексеріске іліккендей. Илон Маск ұйымды биологиялық қару саласына қаражат бөлді деп айыптап, агенттік таратылуы мүмкін екенін меңзеді. Kazinform тілшісі USAID-тың қазіргі ахуалына шолу жасап көрді.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025
Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

28.08.2025
Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

27.08.2025

Трамп неге шүйлікті?

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ағыл. United States Agency for International Development, USAID) негізгі миссиясы – шетелдік гуманитарлық көмекті үйлестіру. Нақтырақ айтсақ, өзге мемлекеттермен бірлесе отырып әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әзірлейді. Ұйым жобалары көбіне дамушы елдердегі кедейлікпен күрес, табиғи апаттардың алдын алу секілді салаларға бағытталған. Кейінгі жылдары агенттік көмегін Африка, Азия және Латын Америкасы мемлекеттері жиі қабылдайтын. Бүгінге дейін агенттік АҚШ-тың шет мемлекеттерді қолдауға бағытталған жобаларының басым денін атқарып, 100-ден астам елге көмек берді.

Ведомство 1961 жылы Кеңес үкіметінің Еуропа, Африка, Азия елдеріне жасаған көмегіне жауап ретінде құрылған болатын. АҚШ қарсыластың саяси ықпалын әлсірету мақсатында ауқымды жобалар әзірлеп, үстемдік үшін бақталас басталған-ды. Содан бері агенттік өзге мемлекеттердегі ұйымдарды қаржыландыруды тоқтатқан емес.

Алайда жыл басында АҚШ билігі ауысқалы жағдай өзгерді. Трамп сайлауалды уәдесінде АҚШ-тың сырт мемлекеттерге көмегін азайту мәселесі көтерілгені белгілі. Алғашқы күнінен-ақ тиісті құжатқа қол қойып, жобалар тұралаған. Президент командасындағы Илон Маск USAID-ты «қылмыс ұйымы» деп атап, COVID-19 кезінде биологиялық қару жасауға атсалысты деп айыптады. Х әлеуметтік желісінде: «Білесіз бе, USAID біздің салықтан түскен долларларды биологиялық қару саласына жұмсаған. Оның ішінде миллондаған адамның өмірін жалмаған COVID-19 бар», – деп жазды.

Алайда кей сарапшы USAID агенттігінің коронавирус кезінде бөлген қаржысы дертпен күреске бағытталды деп санайды. Медициналық құралдар алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргенін алға тартады. Мысалы, АҚШ COVID-19 кезінде Қазақстанға 6,2 млн АҚШ доллары шамасында көмек берсе, соның 4 млн АҚШ долларына жуығы USAID арқылы келген.

Осы орайда апта басында Ақ үй жариялаған деректен ұйым қаржыландырған өзге де жобалардың бағытын аңғаруға болады:

· «Сербияның жұмыс ұжымдары мен іскерлік қоғамдастықтарында теңдік пен инклюзивтілікті ілгерілетуге» – 1,5 млн АҚШ доллары;

· Ирландиядағы «DEI мюзиклін [әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік]» қоюға – 70 мың АҚШ доллары;

· Вьетнамдағы электр көліктерге – 2,5 млн АҚШ доллары;

· Колумбиядағы «трансгендерлік операсы» үшін – 47 мың АҚШ доллары;

· Перудегі «трансгендерлік комикс» үшін – 32 мың АҚШ доллары;

· Гватемалада жыныс ауыстыру және «ЛГБТ-белсенділікке» – 2 млн АҚШ доллары;

· Египетте туризмді қаржыландыруға – 6 млн АҚШ доллары бөлінген.

Оған қоса Ухань лабораториясындағы зерттеуге қатысқан «EcoHealth Alliance» компаниясына және Ауғанстандағы көкнәр мен героин өсіруге қолданылған ирригациялық каналдарға, ауыл шаруашылығы жабдықтары, тыңайтқыштарға миллиондаған доллар берген. Сондай-ақ Сириядағы «Әл-Каида» содырларына жүздеген мың азық-түлік жіберіліп, дамушы елдерде контрацептивтер мен бала тууды бақылау құралын шығаруға да қаржы бөліпті.

Коллаж: Kazinform/ Tom Brenner/ dawn.com/ Celal Gunes/AA/picture alliance
Айта кетерлігі, USAID АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің нұсқауын басшылыққа алғанымен, ерекше статусқа ие. Агенттік штатында 10 мыңға жуық адам бар. Бүгінге дейін дербес ұйым есебінде жұмыс істеп келді. Қазір агенттіктің құзыреті кең, маңызы жоғары. Себебі гуманитарлық көмектің көп бөлігі USAID арқылы өтеді. Мысалы, 2023 жылы АҚШ халықаралық көмекке 68 млрд доллар жұмсады. Оның 40 млрд доллардан астамы USAID бюджетіне түскен.

USAID-тың Қазақстандағы жобалары
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі Қазақстанмен де тығыз байланыста. 1992 жылдан бері экономикалық сектор, денсаулық сақтау саласы мен демократиялық институттарды қаржыландыруға жарты миллиард долларға жуық жұмсады. Агенттік мемлекеттік және тәуелсіз ұйымдарды қолдау арқылы энергетика нарығын, жергілікті сауданы, іскерлік ортаны дамытуға күш салды. Айтарлықтай нәтиже ана мен бала денсаулығын нығайту әрі АИТВ/ЖИТС дертімен күрес жұмысында байқалды. Оған қоса ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе Арал теңізін сақтауға арналған жобаларды жүзеге асырса, Мемлекеттік кірістер комитетінің материалдық базасын толықтырғанын білеміз. Сонымен қатар «жаңартылған энергия көздері» жобасы арқылы Қазақстанға 39 млн доллар бөлінсе, «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» арқылы Қазақстан мен Тәжікстан 6,9 млн доллар алған болатын.

Foreignassistance.gov сайтының дерегіне сүйенсек, өткен жылы АҚШ-тың Қазақстанға бағытталған жобаларының саны азайған. 2022 жылы – 140 жоба, 2023 жылы – 160 жоба, 2024 жылы – 40 жоба болды.

Қазіргі ахуал
Дональд Трамп сыртқы көмекті қайта жүйелеу идеясына бекіп отыр. Бұл тізімгеUSAID-тың енуі президент командасындағы Илон Масктың позициясы әсер еткенін байқаймыз. Бұған дейін кәсіпкер USAID-ты «радикалды солшылдардың ордасы», «биоқару саласын қаржыландырды» деп айыптағаны есте. Ал 2 ақпанда X әлеуметтік желісінде «USAID – қылмыстық ұйым. Құрдымға кететін уақыты келді» деп жазба қалдырды.

Көп өтпей, яғни 3 ақпанда АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) Вашингтондағы штаб-пәтері ресми түрде жабылды. Илон Маск басқаратын АҚШ-тың мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі департаменті (DOGE) агенттіктің компьютерлік жүйесі мен құпия ақпараттарын бақылауға алған. Президент Дональд Трамп USAID басшылығын қызметтен босатты.

Қазір USAID агенттігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары жұмысын тоқтатқан.

Бұған дейін Трамптың сыртқы көмекті 90 күнге тоқтату туралы өкім еткенін жазған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/aksh-usaid-ti-nege-taratpak-6232f5/

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ғабит Сыздықбеков: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды.

Ғабит Сыздықбеков: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды.

29.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

29.08.2025
ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

28.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған