• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 29 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

05.02.2025
in Басты ақпарат
Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

ҚР Әділет министрлігі мен  «IPrav» ЖШС компаниясы арасында заң қызметтеріне арналған ЖИ базасындағы мобильді қосымшаны әзірлеушілермен  стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025
Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

28.08.2025
Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

27.08.2025

Серіктестіктің негізгі мақсаты – азаматтарға тез, тиімді және қауіпсіз түрде білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді дамыту.

Өзара серіктестік ЖИ технологияларын дамытуды, білім беру бастамаларын, халыққа қажетті өзекті құқықтық проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуді қамтитын болады.

«Мемлекет басшысы әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам екенін атап өткен болатын.

Сондықтан осы бағыттағы біздің бірлескен күш-жігеріміз халыққа арналған құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың, кедергілерді азайтудың және құқықты қолдану процестерін жеделдетудің маңызды бөлігіне айналады» — деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Өзара ынтымақтастық жасанды интеллект шешімдерін заң саласына интеграциялауға негізделген. Бұл пайдаланушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Меморандумға сәйкес, Әділет министрлігі әзірлеушілерге дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа «IPrav» мобильді қосымшасының функционалына жылдам әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Біз үшін меморандумға қол қою – бұл IPrav дамуының жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Біз Әділет министрлігімен қол жетімді және заманауи құқықтық жүйені құру үшін күш-жігерді біріктіруде зор әлеуетті көріп отырмыз», — деді  «IPrav» ЖШС директоры Жұлдыз Ержанова.

Ынтымақтастық Қазақстан азаматтарына, әсіресе ауылдық және шалғай өңірлеріндегі азаматтарға құқықтық көмекке ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Біз технологияны халық пен құқықтық жүйе арасындағы көпірге айналдыру міндетін қойып отырмыз. Цифрландыру құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан көмек алып, өз құқықтарын қорғай алатын жағдай жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айтып өтті IPrav негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев.

Сондай-ақ, бірлескен инновациялық жобалар мен пилоттық бағдарламаларды іске асыру, министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін оқыту сессияларын өткізу жоспарлануда, бұл олардың цифрлық құралдарды пайдаланудағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді.

IPrav мобильді қосымшасы – заңгерлік қызметтерді іздеуге және онлайн алуға болатын жаңа құрал. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Қосымшаның ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін кіріктірілген ЖИ көмекшісі — Әйтеке чат-боты.

Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?». , «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?» «Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру үйретіліп жатыр.

IPrav барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жақын арада пайдаланушылардан кері байланыс алу және оның функционалын жақсарту үшін мессенджерлер арқылы Әйтеке ботына ашық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ғабит Сыздықбеков: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды.

Ғабит Сыздықбеков: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды.

29.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

29.08.2025
ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

28.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған